Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың 31 желтоқсанына талдамалық АНЫҚТАМА

Махамбет  аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және  азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың 31 желтоқсанына талдамалық АНЫҚТАМА

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2021 жылдың  ІІ -жартыжылдығы.

1.«Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ, Махамбет ауылы, Абай көшесі 13 үй.

         2.Бөлім бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін 5 адамнан тұратын жұмысшы тобы құрылды.Топтың төрағасы бөлім басшысы  –А.Қабдолова.

3.2021 жылдың 1 шілдеден 31 желтоқсан аралығына ішкі талдау жүргізілді.

  1. Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде штат саны бойынша 7 мемлекеттік қызметкер бар.

5.Бөлім бойынша қызметкерлер жыл сайынғы еңбек демалысына  жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

         6."Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 бұйрығына, «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына, "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығына, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015жылы 25 ақпандағы №112 бұйрығына  сәйкес бөлімде 21 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. 2021 жылдың  ІІ -жартыжылдығында бөлім арқылы жалпы саны – 932 мемлекеттік қызметттер көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік  коорпорация арқылы-463 қызмет, «электронды үкімет» веб порталы арқылы-420 қызмет, қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйесі арқылы 22, қағаз түрінде-27.  

  1. Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ. 8.Аудандық бөлім  өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілерді қолданады:
  • «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашада №414;
  • «Әдеп Кодексі» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы;
  • «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік -Процестік Кодексі» Қазақстан Респбуликасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 ;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410;
  • «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңы;
  • «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787 Заңы;
  • «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңы;
  • «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482;
  • «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434 Заңы;
  • «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республиксаның 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 Заңы;
  • «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 6 мамырдағы №322;

 

  • «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысы;

 

  • «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 237-ө Бұйрығы;

  • «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015жылы 25 ақпандағы №112 бұйрығы;
  • «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» бұйрығы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығы;
  • "Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығы;
  • "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 бұйрығы;
  • «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы.

9.Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, түсіндіру бағытында  Facebook әлеуметтік желісіне көрсетілген мемлекеттік қызметтер және өзгерістер туралы хабарламалар, видео роликтер жарияланып,  ауылдық округтерде халықпен кездесулер өткізілді.

  1. 10. Бөлімге  ағымдағы жылдың шілде айынан 31 желтоқсанға дейін жеке тұлғалардан-4 және заңды тұлғалардан-3 өтініштер келіп түсті. Азаматтардың  арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған. Бөлімнің  ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал  қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау», «Адал жүріп,адал  тұр», «Шыншылдық адалдықпен ағзалас» атты жадынамалар ілінді.
  2. Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде Әдеп Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

12. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың 31 желтоқсанына талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
05 января 2022