Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
2021 жылдың ІІ жартыжылдығы.
Талдау кезеңі: 2021 жылдың 30 маусым - 31 желтоқсан аралығы.
«Алға ауылдық округі әкімі аппараты» ММ Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алға ауылы, Орталық көшесі №9.
1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Алға ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Алға ауылдық округі әкімі аппаратында штат саны бойынша 5 мемлекеттік қызметкер бар. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.
2.Мүдделер қақтығысын реттеу
Округте мүдделер қақтығысы жоқ.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету
Алға ауылдық округі әкімі аппараты 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» Қызмет көрсету мерзімі - 30 күнтізбелік күн.2021 жылдың ІІ жартыжылдығында өтініш түскен жоқ.
2) «Елді мекендер шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру»
Қызмет көрсету мерзімі - 50 күнтізбелік күн. 2021 жылдың ІІ жартыжылдығында түскен жоқ.
3) "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою"
Қызмет көрсету мерзімі - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 12 (он екі) жұмыс күні;
2021 жылдың ІІ жартыжылдығында 76 өтініш қаралып, кезекке қойылды.
4) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
Қызмет көрсету мерзімі - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
2021 жылдың ІІ жартыжылдығында ІІ этабы бойынша 2 өтініш түсіп , шешім шығарылды.
5) Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату .
Қызмет көрсету мерзімі - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
2021 жылдың ІІ жартыжылдығында өтініш түскен жоқ.
6) "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну"
1) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – 5 (бес) жұмыс күні.
2021 жылдың ІІ жартыжылдығында түскен жоқ.
Алға ауылдық округі әкімі аппаратында рұқсат беру функциялары жоқ.
Алға ауылдық округі әкімі аппаратына 2021 жылдың ІІ жартыжылдығында жеке тұлғалардан - 4 өтініш түсті, заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ. Өтініштерге заңға сәйкес уақытылы жауаптар жолданды.
Алға ауылдық округі әкімі аппаратында Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
7.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І.Кіріспе
басталды: 30 маусым , аяқталды 31 желтоқсан.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.
ІІІ. Қорытынды бөлімі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.
2021 жылдың ІІ жарты жылдық қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізу.