Атырау облысы Махамбет ауданы, Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың ІІ жартыжылдық бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы №2 «Комиссия құру туралы» өкімі негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары келесі жұмысшы тобымен жасақталды:
1) Ерманов Актурлан Ертурлиевич – ауылдық округ әкімі;
2) Даулеткалиев Жасулан Лесович – ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
3)Апуова Куляш - ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы.
Талдау кезеңі: 2021 жылдың 1 шілде-31 желтоқсан аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2021 жылдың ІІ жартыжылдығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
2.Мүдделер қақтығысын реттеу 3. Мемлекеттік қызмет көрсету
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2021 жылдың ІІ жартыжылдығы.
Талдау кезеңі: 2021 жылдың 1 шілде -31 желтоқсан аралығы.
«Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық ауылы. Махамбет көшесі №33
Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратында штат саны бойынша 4 мемлекеттік қызметкер бар, бос лауазымдық орын жоқ.
Мекемеде мүдделер қақтығысы жоқ.
«Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» Қызмет көрсету мерзімі- 30 күнтізбелік күн.
2021 жылдың ІІ жартыжылдығында – өтініш түскен жоқ.
2) «Елді мекендер шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру»
Қызмет көрсету мерзімі- 50 күнтізбелік күн.
2021 жылдың ІІ жартыжылдығында -арыз түскен жоқ.
3) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»
Қызмет көрсету мерзімі- 5 жұмыс күн.
2021 жылдың ІІ жартыжылдығына- өтініш түскен жоқ.
4) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
Қызмет көрсету мерзімі-12 жұмыс күн
2021 жылдың ІІ жартыжылдығына-11 өтініш түсті.
5) « Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»
Қызмет көрсету мерзімі- 15 жұмыс күн.
2021 жылдың ІІ жартыжылдығына- 1 өтініш түсті.
6) «Сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
Қызмет көрсету мерзімі- 30 жұмыс күн.
2021 жылдың ІІ жартыжылдығына- өтініш түскен жоқ.
«Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ.
2021 жылдың ІІ жартыжылдығында Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратына барлығы – 2 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан – 2, заңды тұлғалардан – 0 арыз. Өтініштерге заңға сәйкес уақытылы жауаптар жолданған.
«Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты»мемлекеттік мекемесінде Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І.Кіріспе
басталды 1 шілде, аяқталды 31 желтоқсан
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.
ІІІ. Қорытынды бөлімі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.
Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты 2021 жылдың ІІ жартыжылдық қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізу.