2021 жылы 17 қараша өткен Махамбет ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы

2021 жылы 17 қараша өткен Махамбет ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы

 

Комиссия жұмысының негізгі мақсаты кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу саласында мемлекеттік органдардың және мекемелердің қызметтерін отырыс өткізу арқылы үйлестіруді қамтамасыз ету болып табылады.

Ағымдағы жылдың 17 қарашада «Ішкі істер органдарының есебінде тұрған қолайсыз отбасылармен жүргізілген жұмыстар туралы» кезекті комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына облыстық Білім беру басқармасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия хатшысы Бокенова Карима Калыбайқызы, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия хатшылары, аудандық «Жайық Шұғыласы» газетінің бас редакторы Сүйеуова Баян және комиссия мүшелері қатысты.

Комиссия отырысында Махамбет ауданы полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Ділмағамбетова Жанар Оспанқызының аудандық полиция бөлімінің есебінде тұрған қолайсыз отбасылармен жүргізілген жұмыстары туралы хабарламасы тыңдалды.

Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторларымен есепке қойылған тұлғалардың бақылау істері жасақталады. Бақылау ісі бөлім және бөлімше бастықтарымен үнемі тексеріліп, тексергендігі туралы кесте жасақталады. Бақылау ісінде есептегі тұлғаның шолу анықтамасы, ақпараттық іздеу кәртішкесі, өзінің және отбасы мүшелерінің жеке басын анықтайтын құжат көшірмелері, кәмелетке толмағандарды зерделеу актісі, байланыс сызбасы толтырылады. Есепте тұрған тұлғамен профилактикалық жұмыстар жүргізу жоспары жасақталып, бөлім бастығымен бекітіледі. Жоспарға сай, жарты жылда бір рет есептегі тұлғаның жұмыс орнынан, көршілерінен және кәмелетке толмаған балалары оқитын білім беру ұйымдарынан анықтамалар алынады. Тоқсанына бір рет әр тұлғаның жеке басы БДБ-нан тексеріліп, аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысына мінез-құлқын қарау үшін немесе түзелуіне байланысты есептен түсіру үшін ұсынылып, қаралады.

Ағымдағы жылы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия отырысына барлығы 16 іс-құжат жолданып, оның ішінде түзелуіне байланысты 5, мінез құлқын қарау үшін – 7 ұсыным жолданып, шешім етілді. 2020 жылы мінез-құлқының түзелуімен 10 отбасы, ортақ некенің бұзылуына байланысты 2 отбасы, тұрғылықты мекен-жайын ауыстыруына байланысты 3 отбасы  есептен түсірілді.

Әрбір учаскелік полиция инспекторы өзіне бекітілген әкімшілік аймақта тұратын есептегі тұлғаны мекен-жайынан айына бір рет және арнайы іс-шаралар кезінде қосымша тексеріп, отбасы мүшелерімен профилактикалық әңгімелесулер жүргізеді. Осындай тексеріс кезінде кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау, балаларының көзінше алкогольдік ішімдік ішіп, отбасы тыныштығын бұзу фактілері анықталған 5 мән-жай бойынша, құқық бұзушылық жасаған ата-анаға ҚР ӘҚБтК 127 бабы бойынша (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерін орындамауы) әкімшілік хаттама толтырылып, сотпен айыппұл салынды.

Комиссия отырысында облыстық Білім беру басқармасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия хатшысы Бокенова Карима Калыбайқызы көтеріліп отырған мәселелерге қатысты сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарға толық жауап алды. Сонымен қатар, комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселе бойынша проблемалық мәселелерді талқыға салып, комиссия төрайымы Аманшиева Света Ертлеуовна уәкілетті орган басшыларына кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытында бір қатар хаттамалық тапсырмалар берді. Бұл жұмыстар үнемі бақылауда болып, жалғасын табатын болады.

 

 

2021 жылы 17 қараша өткен Махамбет ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы
Дата публикации
30 ноября 2021