22.01.2021 жылы өткен аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясында қаралған мәселер туралы.

22.01.2021 жылы өткен аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясында қаралған мәселер туралы.

 

Комиссия отырысында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ерте жастан жүктіліктің алдын-алу және қыздар тәрбиесі бойынша атқарылатын жұмыстар» тақырыбы бойынша «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Махамбет аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның және Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет аудандық білім бөлімінің күн тәртібіндегі мәселе бойынша атқарылып жатырған жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды.

«Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Махамбет аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да «Шуақ» жастар денсаулық орталығы құрылып «Махамбет ауданында өткізілетін жас келіншек қыз балалары арасында ерте жүктіліктің алдын-алу» іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізіліп келеді.

    Жобаның мақсаты: ерте жүктіліктің алдын-алу, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала болуға тәрбиелеу. Ерте жастағы жүктілік, оның алдын-алу жолдары туралы қыз балаларға айтып, түсіндіру.

Міндеттері:

  • Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата-бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру;
  • Отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру;
  • Жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән-мағынасын ашып көрсету;

Күтілетін нәтиже: Махамбет аудандық ауруханасында «Шуақ» жастар денсаулық орталығында жоспар бойынша ата-аналармен сенімді қарым-қатынас орнатып, жыныстық тәрбие жайлы көбірек әдебиеттер оқып, қаламаған жүктілікті болдырмау әдістерімен таныстырып, ерте жүктіліктің алдын-алу шаралары мен әңгімелер, сауалнамалар жүргізу жұмыстарын жүргізу.

Ерте жүктіліктің қауіп-қатері: Жүктілік кезінде жүрек-қан тамыр жүйесіне, эндокриндік жүйеге және басқа да жүйелерге қосымша жүктеме түсетіні белгілі. Ал бойжеткен кезінде әлі толық қалыптаспаған ағзаға одан да күшті жүктеме түседі. Жас ана жүктілікті физикалық көтере алмайды. Жас анада қиын таңдау тұрады: аборт жасау немесе баланы қалдырса өзін және нәрестені қауіп-қатерге тігеді. Толық қалыптаспаған организм жүктілікпен және босануды көтере алмауы мүмкін, сондықтан мерзіміне жетпеген нәресте немесе ақауы бар нәресте туылуы мүмкін.

Кәмелетке толмаған жастардың 40-60% ерте жыныстық қатынасқа түседі. Солардың ішінде 10% 14 жасқа толмаған жасөспірімдер. Статистика бойынша бойжеткен кезіндегі жүктіліктің 70% абортпен, 15% түсікпен және тек 15% босанумен аяқталатыны белгілі. Осы 15% босанудың өзінде ана мен бала өлімінің қатері көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде кәмелет жасына толмаған 16 миллионға жуық қыз жүкті болады екен. Оның 3 миллионы жаза басқан қадамының ізін жасыру үшін жасанды түсік жасатады-мыс. Бұл сандардың ішінде Қазақстанның да үлесі аз емес. Қазақстан жерінде бәлиғат жасына жетпей, жүкті болып қалатын қыздардың саны шамамен 10 мың мен 20 мыңның арасында.

Ерте қаланбаған жүктіліктің себебі-отбасындағы жағдайға байланысты. Қазіргі заманда қыз балалардың жыныстық дамуы ерте жүреді, сондықтан да сексуалдық қалау да ерте дамиды. Ата-аналардың басты мақсаты балаларды жыныстық өмірге психологиялық дайындау керек және де бұл әрекеттер балалар жыныстық өмір бастамай тұрып ерте жасалу керек.

Жүкті екенін білген қыз оңашаланады, өзі үлкен мәселелерді шеше бастайды, яғни ерте есейеді. Қазіргі қоғам ерте жүктілікке қарсы, көбіне сөгіп талқылайды. Қыз бала ата-анасына айтуға қорқады, босану үшін оқуын тастайды. Білімі жоқ болған соң дұрыс жұмысқа орналаса алмайды.

Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі ерте жүктіліктің алдын-алу бағытында Махамбет аудандық ауруханасында іс-шаралар жоспары жасақталып, қыз балалармен жұмыс алдыңғы қатарға қойылды. Жоспар бойынша Махамбет ауданындағы мектептерінде қыздар арасында ерте жыныстық қатынасқа түсудің зияны туралы кездесу (дәріс) өткізілді. Кездесуге аудандық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері, аудандық аурухана психологы, аудандық аурухана гинеколог дәрігерлері, мектеп медбикелері мен мектептің психолог-мамандары кәмелетке толмағандар тәрбиесі жайлы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы және АПБ-нің ЖПҚ-нің ювеналды полиция инспекторлары қыз балаларға дәріс оқыды. Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды. Конрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері, жұқпалардың алдын-алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді. Семинарда ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін қыз балаларды күтіп тұрған қиындықтар туралы сұрақтар талқыланды. Қаламаған жүктіліктің алдын-алу бойынша бейнероликтер көрсетілді. ЖПҚ-нің ювеналды полиция инспекторлары жыныстық қатынасқа мәжбірлеу, яғни зорлау тақырыбында әңгіме жүргізді. Осындай жағдайда қалай әрекет жасау керектігі жайлы ұсыныстар берді.

Комиссия отырысында тиісті мекемелердің ерте жастан жүктіліктің алдын-алу және қыздар тірбиесі бойынша атқарылып жатырған жұмыстары туралы хабарламалары тыңдалып, хаттамалық тапсырмалар берілді. Бұл жұмыстар бақылауға алынып, қадағалануда.

 

 

 

22.01.2021 жылы өткен аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясында қаралған мәселер туралы.
Дата публикации
22 января 2021