Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау
нәтижелері бойынша 2021 жылдың екінші тоқсанына арналған
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Махамбет ауданы бойынша 2021 жылдың екінші тоқсан қорытындысымен барлығы 6476 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 1282-ы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) көрсетілсе, 634-ы мемлекеттік органда (ведомстволық бағыныстағы мекемелермен) көрсетілген. Электронды форматта көрсетілген қызметтер саны – 4560.
2021 жылдың екінші тоқсан қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде 96 құжат бас тартылған. Барлығы да заң шеңберінде қанағаттандырылмаған.
Ақпараттандыру мақсатында 6 шара өткізіліп, 27600 аудан тұрғындары қамтылды. Аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің электронды түрін көбейту мақсатында халық арасында ақпараттық насихаттық жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандық газеттің бетінде 5 мақала жарық көрсе, әлеуметтік желілерге 5 мақала, 13 видеоролик жарияланып, жеке тұрғындарға барлығы 300 брошюралар мен жадынамалар таратылды.
Ауылдық округтерде электрондық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2-жәрмеңке өткізіліп, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы 1158 тұрғын ЭЦҚ-мен қамтылды және 1420 электрондық қызмет көрсетілді. ХҚКО жанынан құрылған мобильдік топ елді мекендерге кестеге сай айына 2 рет және қажет болған жағдайда кезектен тыс шығады.
Алдағы уақытта да ақпараттандыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізіледі.