2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы бойынша кандидаттардың тіркелуі туралы
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
баспасөз релизі
15 шілде 2021 жыл Махамбет
Ауданда барлығы 15 кандидат ұсынылды: олардың ішінде 8–і саяси партиялармен, 7-і өзін-өзі ұсынғандар.
А.ж. 14 шілдесі сағат 18.00-дегі жағдаймен 14 кандидат тіркелді, олардың ішінде: 7-і саяси партиялармен, 7-і өзін-өзі ұсынғандар.
Түрлі себептермен 1 кандидат түсірілді:
Өзінің кандидатурасын алып тастау жөніндегі өтінішіне байланысты.
Кандидатты тіркеу туралы шешімнің күші өзінің өтінішіне сәйкес жойылды.
Орташа бәсекелестік 3,5 құрады.
Барлық тіркелген кандидаттар тіркеу куәліктерін алды, сайлау бюллетендеріне енгізілді.
Тіркелгендердің ішінде 8-і ерлер немесе 57%, 6-ы әйелдер немесе 43%.
Барлық кандидаттарда жоғары білім бар.
Мамандықтары бойынша: 4 - мұғалім, 1 - заңгер, 1 - экономист, басқалар – 8.
Мемлекеттік қызметшілер - 3, бюджеттік сала қызметкерлері – 8, коммерциялық құрылым өкілдері – 1, уақытша жұмыс жасамайтындар – 2.
Орташа жас – 45 құрайды.
Кандидаттарды тіркеу туралы хабарлар аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетшелері мен жергілікті баспа БАҚ-да жарияланды.
2 сайлау округінде – 3 кандидаттан, 2-де – 4 кандидаттан бар.
1 сайлау округінде 3 саяси партия, 2-де – 1 партия, 1-де – 2 партия тіркелген.
Ұсыну мен тіркеу кезеңінде сайлау комиссиясына өтініштер түскен жоқ.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Тел: 8(71236)5-61-02
интернет-сайт: atyrau.gov.kz