2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы бойынша кандидаттардың ұсынылуы туралы
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
баспасөз релизі
10 шілде 2021 жыл Махамбет
2021 жылдың 9 шілдесі сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды.
Махамбет ауданы бойынша 4 сайлау округі бойынша 15 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 8-і (53,3%) – саяси партиялармен, 7-і (46,7%) – өзін-өзі ұсынғандар.
Саяси партиялар 4 округ бойынша кандидаттар ұсынды: оның ішінде «Nur Otan» – 4 кандидат, «Ақ жол» ҚДП – 1, ҚХП – 3 кандидат.
Орташа бәсекелестік 2 адамды құрайды.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың белгіленген заңнамаларға сәкестігін анықтау және оларды тіркеу шаралары жүруде, бұл шаралар 2021 жылғы 14 шілдеде, сағат 18.00-де аяқталады.
А.ж. 10 шілдесіндегі жағдаймен 11 кандидат тіркелді (73.4%).
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 - бабы, 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеудің қорытындылары туралы ресми ақпараттар БАҚ-да жарияланатын болады.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы