Атырау облысы Махамбет ауданы, Бақсай ауылдық округі әкімі аппараты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың І жартыжылдық бойынша талдамалық анықтама

Атырау облысы Махамбет ауданы, Бақсай  ауылдық округі әкімі аппараты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың І жартыжылдық бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

 

«Бақсай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылы, М.Есенбаев көшесі №22,  1 қабат

    1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Бақсай ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті  қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген.  Бақсай ауылдық округі әкімі аппаратында штат саны бойынша 4 мемлекеттік қызметкер бар. Қазіргі уақытта бос  лауазымдық орын жоқ.

    2.Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ.

    3.Мемлекеттік қызмет көрсету

Бақсай  ауылдық  округі әкімі аппараты 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді.  

    1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»    

2021  жылдың  1  жартыжылдығында  арыз  түскен  жоқ.        

    2) «Елді мекендер шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру»

2021  жылдың  1  жартыжылдығында  өтініш  түскен  жоқ.

    3)  Жер  учаскесін  алу үшін  кезекке  қою.

Қызмет көрсету мерзімі- 12 күнтізбелік күн.

2021  жылдың  1  жартыжылдығында 68 өтініш  түсті.

   4) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»

Қызмет көрсету мерзімі- 5 жұмыс күн.

2021 жылдың І жартыжылдығына  өтініш түскен жоқ.

   5) « Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»

Қызмет көрсету мерзімі- 15 жұмыс күн.

2021 жылдың І жартыжылдығына  өтініш түскен  жоқ.

   6) «Сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»

Қызмет көрсету мерзімі- 30 жұмыс күн.

2021 жылдың І жартыжылдығына- 8  өтініш түсті.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Бақсай ауылдық округі әкімі аппаратында рұқсат беру функциялары жоқ.

    5.Бөлімшеге  келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

Бақсай ауылдық округі әкімі аппаратына 2021 жылдың                                              1 жартыжылдығында  жеке  тұлғалардан – 3  өтініш  түсті.  Заңды  тұлғалардан  өтініш  түскен  жоқ.  Өтініштерге заңға сәйкес уақытылы жауаптар жолданған.

    6.Әдеп  кодексі  нормалары  мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

Бақсай  ауылдық округі әкімі аппаратында  Әдеп  Кодексі  мен сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  Заңының  талаптары  қатаң  сақталады.

Бақсай ауылдық округі әкімі аппаратының  мамандарына  тәртіптік жаза қолданылған  жоқ.

    7.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2021 жылдың І  жартыжылдығы.

Талдау кезеңі: 2021  жылдың 5  қаңтар -30  маусым  аралығы.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І.Кіріспе

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: Атырау облысы,  Махамбет ауданы,  Бақсай  ауылдық  округі  әкімі  аппаратында сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  туындайтын  жағдайларды  анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді: «Махамбет ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылы, М.Есенбаев  көшесі №22, электронды пошта: baksai_co@mail.ru. телефон нөмірі 871(236)2-85-13.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі:

басталды: 30  желтоқсан,  аяқталды 31  желтоқсан.

  1. Бақыланатын кезең: 2021 жылдың  І  жарты  жылдығы

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

 

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.

 

ІІІ. Қорытынды бөлімі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

         Бақсай  ауылдық  округі  әкімі  аппаратында 2021 жылдың  І  жарты жылдық қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізу.

Атырау облысы Махамбет ауданы, Бақсай ауылдық округі әкімі аппараты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың І жартыжылдық бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
01 июля 2021