Атырау облысы Махамбет аудандық мәдениет, тілдер дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан - 30 маусымына талдамалық анықтама

Атырау облысы Махамбет аудандық мәдениет, тілдер дамыту дене шынықтыру  және спорт бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың   1 қаңтарынан - 30 маусымына  талдамалық

АНЫҚТАМА

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2021 жылдың 1 жартыжылдығы.

Талдау кезеңі: 2021 жылдың 1 қаңтар-30 маусым аралығы.

«Махамбет аудандық мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы,  Абай  көшесі №13, 3 қабат.

1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Махамбет аудандық мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Аудандық мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде штат саны бойынша 5 мемлекеттік қызметкер бар. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.

2.Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету

Махамбет аудандық  мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік   2 түрінен қызмет көрсетеді.

1.2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын.

 Қызмет көрсету мерзімі- 28 жұмыс күні.

2021 жылдың  1 жартыжылдығында - 54 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді.

2.Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру

Қызмет көрсету мерзімі- 28 жұмыс күні.

2020 жылдың  1 жартыжылдығында – өтініш түскен жоқ.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Махамбет аудандық мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.

5.Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

Бөлімге  жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түскен жоқ.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

Махамбет аудандық мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзге де мәселелер .

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Атырау облысы Махамбет аудандық мәдениет, тілдер дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан - 30 маусымына талдамалық анықтама
Дата публикации
01 июля 2021