Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы
2021 жылғы 8 шілдеде Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімдігіне кандидат Хамитова Айтолкын Гарифоллаевна («Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінен), Есбол ауылдық округі әкімдігіне кандидат Енбаева Задагул («Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінен) және Бекмуханов Самат Жубандыкович («Ақ Жол» демократиялық партиясынан), Сарайшық ауылдық округі әкімдігіне кандидат Абдугалиев Ринат Максутовичтердің («Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінен) құжаттары ұсынылды.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Махамбет ауданы ауылдық округтері әкімдігіне сайлауға кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.
2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Махамбет ауданы ауылдық округтері әкімдігіне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 26 маусым мен 09 шілде аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.