Атырау облысы Махамбет ауданы, Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың І жартыжылдық бойынша талдамалық анықтама

Атырау облысы Махамбет ауданы, Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың І жартыжылдық бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы №8 «Комиссия құру туралы» өкімі негізінде жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары келесі жұмысшы тобымен жасақталды:

1) Жумагалиев Сайлау Дюсенбиевич – ауылдық округ әкімі;

2) Даулеткалиев Жасулан Лесович – ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;

3)Апуова Куляш - ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы.

Талдау кезеңі: 2021 жылдың 1 қаңтар-30 маусым аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                2021 жылдың І жартыжылдығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

2.Мүдделер қақтығысын реттеу                                                                             3. Мемлекеттік қызмет көрсету

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
  2. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
  3. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:               2021 жылдың І жартыжылдығы.

Талдау кезеңі: 2021 жылдың 1 қаңтар -30 маусым аралығы.

«Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық ауылы. Махамбет  көшесі №33

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты құрылымы мен штат санының лимиті  қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратында штат саны бойынша 4 мемлекеттік қызметкер бар,  бос лауазымдық орын жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Мекемеде мүдделер қақтығысы жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

«Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 

         1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»         Қызмет көрсету мерзімі- 30 күнтізбелік күн.

2021 жылдың І жартыжылдығында –  өтініш түскен жоқ.

2) «Елді мекендер шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру»

         Қызмет көрсету мерзімі- 50 күнтізбелік күн.

2021 жылдың І жартыжылдығында -арыз түскен жоқ.

3) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»

Қызмет көрсету мерзімі- 5 жұмыс күн.

2021 жылдың І жартыжылдығына- өтініш түскен жоқ.

4)  «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

Қызмет көрсету мерзімі-12 жұмыс күн

2021 жылдың І жартыжылдығына-15 өтініш түсті.

5) « Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»

Қызмет көрсету мерзімі- 15 жұмыс күн.

2021 жылдың І жартыжылдығына- 3 өтініш түсті.

6) «Сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»

Қызмет көрсету мерзімі- 30 жұмыс күн.

2021 жылдың І жартыжылдығына- өтініш түскен жоқ.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

«Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде  рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

2021 жылдың І жартыжылдығында Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратына барлығы –   3 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан –  3, заңды тұлғалардан – 0  арыз. Өтініштерге заңға сәйкес уақытылы жауаптар жолданған.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

«Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты»мемлекеттік мекемесінде  Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

        

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І.Кіріспе

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді: «Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық ауылы, Махамбет көшесі №33, электронды пошта: m.akzhaiyk_okrugi@atyrau.gov.kz. телефон нөмірі 871(236)2-52-04.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі:

басталды 1 қаңтар,  аяқталды 30 маусым

  1. Бақыланатын кезең: 2021 жылдың І жарты жылдығы

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

 

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.

 

ІІІ. Қорытынды бөлімі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

         Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты 2021 жылдың І жартыжылдық қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізу.

Атырау облысы Махамбет ауданы, Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың І жартыжылдық бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
01 июля 2021