Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2021 жылдың  I  жартыжылдығы.

Талдау кезеңі: 2021 жылдың  5 қаңтар – 30 маусым аралығы.

«Есбол ауылдық округі әкімі аппараты» ММ Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылы,  Абай көшесі №21.

 

1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті  қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Есбол ауылдық округі әкімі аппаратында  штат  саны бойынша 4 мемлекеттік қызметкер бар.

 

2.Мүдделер қақтығысын реттеу

Округте  мүдделер қақтығысы жоқ.

 

3.Мемлекеттік қызмет көрсету

Есбол ауылдық округі әкімі аппараты 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді.     

1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»         Қызмет көрсету мерзімі – 13 (он үш) жұмыс күн.                                                     2021  жылдың І жартыжылдығында  өтініш   түскен жоқ.

2) «Елді мекендер шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру»

Қызмет көрсету мерзімі – 1 кезең – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күн, 2 кезең – 18 (он сегіз) жұмыс күн. 2021 жылдың І жартыжылдығында өтініштер түскен жоқ.

3) "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою"

Қызмет  көрсету  мерзімі - 12 (он екі) жұмыс күні;

2021 жылдың І жартыжылдығында 18 өтініш түсті, барлығы да қанағаттандырылды.

4) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейінгі үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»

Қызмет  көрсету  мерзімі - 5 (бес) жұмыс күні, 60 мин.;

2021 жылдың І жартыжылдығында түскен жоқ.

5) «Сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»

 Қызмет  көрсету  мерзімі - 1 кезең – 12 (он екі) жұмыс күн, 2 кезең – 3 (үш) жұмыс күн. 2021 жылдың І жартыжылдығында 10 өтініш түсіп, оның ішінде 2 өтініш қанағаттандырылды, 3 өтініш қанағаттандырылмады;

6) «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»

Қызмет көрсету мерзімі - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

2021 жылдың   І  жартыжылдығында түскен жоқ.

 

 

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Есбол ауылдық округі әкімі аппаратында рұқсат беру функциялары жоқ.

 

  1. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

Есбол ауылдық округі әкімі аппаратына 2021 жылдың                                                  І   жартыжылдығында   жеке тұлғалардан - 5 өтініш  түсті, заңды тұлғалардан   өтініш түскен жоқ. 4 өтініш қанағаттандырылды, 1 өтініш қанағаттандырылған жоқ. Өтініштерге заңға сәйкес уақытылы жауаптар жолданған.

 

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

Есбол ауылдық округі әкімі аппаратында Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І.Кіріспе

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: Атырау облысы, Махамбет ауданы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді: «Есбол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ортақшыл  ауылы, Абай  көшесі №21, электронды пошта: m.esbol_okrugi@atyrau.gov.kz  телефон нөмірі 871(236)2-66-02.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі:

басталды: 5 қаңтар, аяқталды  30 маусым.

  1. Бақыланатын кезең: 2021 жылдың І жарты жылдығы.

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

 

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.

 

ІІІ. Қорытынды бөлімі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

         2021 жылдың І жарты жылдық қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Дата публикации
01 июля 2021