Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың 1 шілдесіне талдамалық АНЫҚТАМА
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2021 жылдың І -жартыжылдығы.
1.«Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ, Махамбет ауылы, Абай көшесі 13 үй.
2.Бөлім бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін 5 адамнан тұратын жұмысшы тобы құрылды.Топтың төрағасы бөлім басшысы –А.Қабдолова.
3.2021 жылдың 5 қаңтардан 30 маусым аралығына ішкі талдау жүргізілді.
8.Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:
«Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашада №414;
«Әдеп Кодексі» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 ;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410;
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңы;
«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787 Заңы;
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңы;
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482;
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434 Заңы;
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республиксаның 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 Заңы;
«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 6 мамырдағы №322;
«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысы;
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысы;
«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы;
«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015жылы 25 ақпандағы №112 бұйрығы;
«Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» бұйрығы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығы.
9.Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, түсіндіру бағытында аудандық «Жайық шұғыласы» газетіне 4 рет мақала, Facebook әлеуметтік желісіне көрсетілген мемлекеттік қызметтер және өзгерістер туралы мәліметтер, видео роликтер жарияланды.