Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың 1 шілдесіне талдамалық АНЫҚТАМА

«Махамбет  аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және  азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың 1 шілдесіне талдамалық АНЫҚТАМА

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2021 жылға.

 Талдау кезеңі: 2021 жылдың 1 қаңтар мен 30 маусым аралығы.

 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аумақтық орталығы» КММ, Махамбет ауылы, Ө.Есмағамбетов көшесі, 10.

1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аумақтық орталығының құрылымы мен штат санының лимиті  қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аумақтық орталығында штат саны бойынша 10 қызметкер бар. Қазіргі уақытта 1 лауазымдық орын бос.

2.Мүдделер қақтығысын реттеу

Мүдделер қақтығысы жоқ.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету

2021 жылы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аумақтық орталығы» КММ-де мемлекеттік қызмет көрсетілген жоқ.

  1. Орталыққа келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

Жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аумақтық орталығында Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың 1 шілдесіне талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
01 июля 2021