Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

 

2021 жылғы 2 шілдеде Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімдігіне кандидат Ерманов Актурлан Ертурлиевич, Есбол ауылдық округі әкімдігіне кандидат Әділғалиев Мереке Бағытжанұлы, Бейбарыс ауылдық округі әкімдігіне кандидат Даулбаев Таттимбет Урынгалиевич, Сарайшық ауылдық округі әкімдігіне кандидат Пазулов Жексенбай Дюсенбаевичтердің («Nur Otan» партиясынан) құжаттары ұсынылды.

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Махамбет ауданы ауылдық округтері әкімдігіне сайлауға кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Махамбет ауданы  ауылдық округтері әкімдігіне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 26 маусым мен 09 шілде аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

Ақпараттық хабарлама
Дата публикации
02 июля 2021