Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылдық округі әкімдігінің
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша
2021 жылдың I жартыжылдық бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
2021 жылдың I жартыжылдығы.
Талдау кезеңі: 2021 жылдың 4 қаңтарынан 1 шілде аралығы.
«Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылы, Әйтеке би көшесі №1
1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппаратында штат саны бойынша 7 мемлекеттік қызметкер еңбек етуде.
2.Мүдделер қақтығысын реттеу
Мекемеде мүдделер қақтығысы жоқ.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету
«Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
Қызмет көрсету мерзімі- 13 жұмыс күні.
2021 жылдың I жартыжылдығында өтініш түскен жоқ.
2) «Елді мекендер шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру»
Қызмет көрсету мерзімі- 46 жұмыс күні.
2021 жылдың I жартыжылдығында өтініш түскен жоқ.
3) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
Қызмет көрсету мерзімі- 12 жұмыс күні
2021 жылдың I жартыжылдығында 174 өтініш түсті.
4) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп, не бөліп төлеу арқылы сату»
Қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні.
2021 жылдың I жартыжылдығында 21өтініш түсті
5)«Сауда саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарын алу бойынша» (өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу)
Қызмет көрсету мерзімі- 15 жұмыс күні.
2021 жылдың I жартыжылдығында - 6 өтініш түсті.
«Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ.
Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппаратына 2021 жылдың I жартыжылдығында түскен өтініштер саны – 10, жеке тұлғалардан - 8, заңды тұлғалардан - 2 өтініш түсті. Өтініштерге заңға сәйкес уақытылы жауаптар жолданды.
«Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппаратында есепті мерзім ішінде 55 - шешім және 44 өкім қабылданды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І.Кіріспе
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
«Бейбарыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылы, Айтеке би көшесі №1, электронды пошта: beibarys.so.@mail.ru телефон нөмірі 871(236) 2-64-01.
басталды: 4 қаңтар, аяқталды 1 шілде.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.
ІІІ. Қорытынды бөлімі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.
Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппаратында 2021 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізу.