Ақпараттық хабарлама
2021 жылғы 30 маусымда Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Махамбет ауданы Есбол ауылдық округі әкімдігіне кандидат Олжағалиев Алибек Қалыбайұлынан, Бейбарыс ауылдық округі әкімдігіне кандидаттар Тасимова Жумабике және Ерғалиева Алтынзер Ғалымжанқызынан, Сарайшық ауылдық округі әкімдігіне кандидаттар Умирова Жанаргул Багитовна мен Койбаков Серик Ергабыловичтардың өзін-өзі ұсыну тәртібімен құжаттары ұсынылды.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Махамбет ауданы ауылдық округтері әкімдігіне сайлауға кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.
2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Махамбет ауданы ауылдық округтері әкімдігіне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 26 маусым мен 09 шілде аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.