Атырау облысы Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Махамбет ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 - бабына сәйкес Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2021 жылғы 25 шілдеге Махамбет ауданының:
- Ақжайық ауылдық округі әкімінің;
- Есбол ауылдық округі әкімінің;
- Бейбарыс ауылдық округі әкімінің;
- Сарайшық ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Махамбет ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Жайық Шұғыласы» газетінде жариялансын.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы С.Шотпақов
Махамбет аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы М.Қабдол
Махамбет ауылы,
2021 жылғы 25 маусым
№8