Атырау облысы Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Махамбет ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша
сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 - бабы 6) тармақшасына, 21 - бабының 4 тармағына, 22 - бабына сәйкес Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Махамбет ауданы ауылдық округ әкімдері сайлау бойынша:
- Ақжайық ауылдық округінің шекарасында Ақжайық ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Ақжайық сайлау округі;
- Есбол ауылдық округінің шекарасында Есбол ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Есбол сайлау округі;
- Бейбарыс ауылдық округінің шекарасында Бейбарыс ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Бейбарыс сайлау округі;
- Сарайшық ауылдық округінің шекарасында Сарайшық ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Сарайшық сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орындары көрсетіліп Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Жайық Шұғыласы» газетінде жариялансын.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы С.Шотпақов
Махамбет аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы М.Қабдол
Махамбет ауылы,
2021 жылғы 25 маусым
№7