Махамбет ауданының әкімдігі, жұмыскерлердің аудандық бірлестіктері , жұмыс берушілердің аудандық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған
АУДАНДЫҚ КЕЛІСІМ
I бөлім. Жалпы ережелер
1 Махамбет ауданының әкімдігі, жұмыскерлердің аудандық бірлестіктері , жұмыс берушілердің аудандық бірлестіктері өкілдері(бұдан әрі – Тараптар), Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына сәйкес әрекет ете отырып:
Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау;
мемлекеттің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара құрмет, сенім және олардың мүдделерін ымыраға келтіруге барынша қол жеткізу;
әлеуметтік әріптестік, оның ішінде еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды ұжымдық-шарттық реттеу;
жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, еңбек ұжымдарында келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін сындарлы өзара әрекет ету қағидаттарын тани отырып,
осы Махамбет ауданының әкімдігі, жұмыскерлердің аудандық бірлестіктері , жұмыс берушілердің аудандық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған
Аудандық келісімді (бұдан әрі – Келісім) мынадай:
1) әлеуметтік әріптестік;
2) экономикалық саясат;
3) халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
4) лайықты еңбек жағдайлары және еңбекақы төлеу;
5) әлеуметтік саясат;
6) Келісімді іске асыру және оның орындалуын қадағалаубағыты шеңберінде жасасты.
II бөлім. Әлеуметтік әріптестік
Тараптар әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша міндеттемелерді қабылдады, олар мынаған бағытталған:
1) халықтың әл-ауқатын арттыру, қоғамдағы теңсіздікті азайту, экономиканы дамыту және жұмыспен қамтуды қолдау, азаматтық қоғамды қалыптастыру және Тараптардың мүдделерін қозғайтын басқа да мәселелер бойынша міндеттерді шешу үшін әлеуметтік әріптестікті қолдану саласын кеңейтуді көздейтін «Әлеуметтік әріптестік туралы»Заңды әзірлеуге ұсыныстар беру;
2) кәсіптік одақтар бірлестігінің (қауымдастығының, одақтардың) және жұмыс берушілер бірлестігінің (қауымдастығының, одақтардың) өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау бойынша рөлін арттыру;
3) кәсіптік одақтар бірлестігінің (қауымдастығының, одақтарының) және жұмыс берушілер бірлестігінің (қауымдастығының, одақтарының) қызметіне араласпау, оларды құруға және жұмыс істеуіне кедергі болмау туралы заңнамалық және жалпыға бірдей танылған халықаралық нормалар мен қағидаларды сақтау;
4) Аудандық комиссияның отырыстарында Тараптардың консультациялары мен келіссөздерін тұрақты өткізу, сондай-ақ еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша оның шешімдерін толық, уақтылы және сапалы орындау;
5) Тараптардың әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілердің салалық жобаларын әзірлеуге ұсыныстар беруді қамтамасыз ету;
6) еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелерін қарау кезінде Тараптар өкілдерінің Аудан әкімдігінің отырыстарына қатысуы;
7) ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу, оларды шешудің қолданыстағы тәртібін жетілдіру, сондай-ақ Махамбет ауданының ұйымдарында әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу практикасын дамыту;
8) жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек жанжалдарында консенсусқа қол жеткізу бойынша бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізу;
9)өңірлік келісімдер жасасу, оларды кейіннен орындау тәжірибесіне мониторинг жүргізу және қорытындылау, сондай-ақ ұжымдық шарттар негізінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу үшін қадағалауды жүзеге асыру.
III бөлім. Экономикалық саясат
Махамбет ауданының әкімдігі:
1) салықтық-бюджет саясатын отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және импортты алмастыруды ынталандыруға бағыттау;
2) мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен шараларының атаулылығын кеңейту және арттыру;
3) бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру, оның ішінде:
«Бизнеске арналған үкімет» қызметтер көрсетудің бірыңғай кеңсесі қағидаты бойынша мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының жаңа форматын кеңейту;
бизнес құру рәсімдерін оңайлату және әкімшілік кедергілерді қысқарту;
инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
мемлекеттік сатып алуға, квазимемлекеттік секторды сатып алу қатысу бойынша отандық бизнес үшін қолжетімділікті кеңейту;
мемлекеттік-жеке меншік әріптестік құралдарын, оның ішінде фискалдық ынталандырулар, жеңілдіктер мен преференциялар арқылы кеңейту;
мемлекеттің экономикаға тікелей қатысуын азайту;
көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету бойынша ынталандыру шараларын қолдану;
кәсіпорындарды жасанды банкроттыққа және рейдерлік басып алуға жол бермейтін заңнама нормаларын күшейтуге қатысу.
Тараптар бірлесіп:
1) салықтық әкімшілендіруді жеңілдету жөніндегі шараларды пысықтауға;
2) импортты алмастыруды ынталандыруға және отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға салық-бюджет саясатын дамыту шараларын қабылдауға;
3) мемлекеттік сатып алу жүйесінің, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың ашықтығын қамтамасыз етуге;
4) кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін, сапа менеджменті жүйелерін, корпоративтік басқару қағидаттарын және еңбек пен капиталдың өнімділігін арттыратын энергия үнемдеушіозық технологияларды ендіруде жәрдемдесуге уағдаласты.
IV бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету
Махамбет ауданы әкімдігі:
1) жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жағдай жасайды, оның ішінде:
- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, оның ішінде онлайн режимде;
- жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру;
- «Жас кәсіпкер» жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша жағдайлар жасайды;
2) жұмыспен қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеуге және қосымша жұмыс орындарын құруға бағытталған Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын іске асырады;
3) жалдау мен жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын дамыту және енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізеді;
4) еңбек нарығының қажеттілігіне және оның даму перспективаларына сәйкес кадрларды даярлауды қамтамасыз етеді;
5) жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен құзыреттер алу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді;
6) әлеуметтік сақтандыру арқылы нәтижелі жұмыспен қамтуды ынталандыратын болады;
7) жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шараларды жүзеге асырады;
8) жергілікті жұмыс күшін белсенді тарту арқылы ішкі еңбек нарығын қорғайды;
9)жұмыс берушілерге мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жәрдем көрсетеді.
Жұмыс берушілердің аудандық бірлестігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттерін ұжымдық шарттарға және (немесе) салалық, өңірлік келісімдерге енгізу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп, жұмыс берушілерге қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жастар практикасын өткізу үшін жұмыс орындарын хабардар етеді және жәрдемдеседі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құруын қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының стандарттарын сақтай отырып, мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындау бойынша жұмыс берушілердің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді;
5) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін мамандықтар бөлінісінде бос орындардың болуы туралы мәліметтерді және жұмыс орындарын болжамды құру туралы деректерді еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына, оның ішінде «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
6) жұмыс берушілердің құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері (ұйым ішінде) болып табылатын заңды тұлғаларға (филиалдарға, өкілдіктерге және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерге) қысқартылатын жұмыскерлердің ұқсас лауазым, тиісті біліктілік, мамандық немесе кәсіп, орындалатын жұмыстың күрделілігі, саны мен сапасы бойынша бар бос орындарға ауысуын жұмыс берушілерге қамтамасыз етеді;
7) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттарда «Бірінші жұмыс орны» жобасы шеңберінде жастарды бірінші жұмыс орнына жұмысқа орналастыруда жұмыс берушілерді хабардар етеді және жәрдемдеседі;
8) кандидаттардың біліктілігі тең болған кезде (жұмыскердің білім деңгейін, білімін, іскерлігін, кәсіптік дағдылары мен жұмыс тәжірибесін ескере отырып) қазақстандық мамандар үшін жұмыс берушілердің жұмысқа орналасуға басым құқық беруі арқылы шетелдік мамандарды біртіндеп қазақстандық мамандармен ауыстыру жөнінде шаралар қолданады және шетелдік мамандарды қазақстандық мамандармен біртіндеп ауыстыру жөнінде шаралар қолданады;
9) жастардың аға буыны жұмыскерлерінің тәжірибесі мен дағдыларын беру үшін тәлімгерлік бойынша жұмысты күшейтеді;
10) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жұмыс берушілердің жұмыс орындарын сақтауын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
11) ұйымдарды қайта құрылымдау процесінде жұмыс берушілердің жұмыскерлерді жаппай босатуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
Жұмыскерлердің аудандық бірлестігі:
1) бұқаралық ақпарат құралдарында жұмысшы кәсіптері мен мамандықтарын танымал етуді жүзеге асырады;
2) жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.
Тараптар бірлесіп:
1) жұмыс күшінің еңбек ұтқырлығын қамтамасыз ету, өнімділігі төмен салаларда, экономиканың бейресми секторында жұмыспен қамтылғандарды және жұмыссыздарды қолдауға бағдарлауды сақтау, еңбек нарығының инфрақұрылымын жетілдіру және жұмыспен қамтудың икемді нысандарын ресімдеу арқылы қолда бар еңбек ресурстары өнімділігінің өсуіне жәрдемдесуге;
2) Махамбет ауданында халықты жұмыспен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ 2023 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 4,9%-дан аспайтын деңгейде сақтау жөніндегі жұмысты жүргізуге;
3)жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжамдау, еңбек нарығы туралы хабардар ету жүйесін жетілдіруге;
4) экономика салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге;
5) еңбек ресурстарының сапасы мен әлеуетін арттыруға;
6) «Еңбек жолы» республикалық конкурсына қатысуға ықпалдасады.
V бөлім. Лайықты еңбек жағдайлары және еңбекақы төлеу
Махамбет ауданы әкімдігі:
1) қашықтықтан жұмыс істеуді реттеуді жетілдіру бөлігінде еңбек заңнамасына өзгерістер енгізу мәселесін қарауға қатысады;
2) жалпы үрдістерді анықтау және алдын алу шараларын қабылдау мақсатында өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруды анықтау және талдау жөніндегі жаңа әдістер мен құралдарды енгізуді қамтамасыз етуге қатысады;
3) еңбек қызметіне байланысты зиянды еңбек жағдайларында және жазатайым оқиғаларда жұмыс істейтін жұмыскерлердің статистикалық есептілігі мен оларды есепке алу жүйесін жетілдіруді қоса алғанда, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау жай-күйінің мониторингі жүйесін дамытуды қамтамасыз етеді;
4) жұмыскерлердің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша ұйымдардың басқару органының отырыстарына жұмыскерлер өкілдерінің қатысуының халықаралық тәжірибесін зерделейді, қажетіне қарай заңнаманы өзгерту жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Жұмыс берушілердің аудандық бірлестігі:
1) жұмыс берушілердің еңбекті қорғауды басқару жүйесін жаппай енгізуіне жәрдемдеседі;
2) жұмыс берушілердің кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қағидаларды, нормалар мен стандарттарды сақтауына және жұмыс берушілердің қажетті ресурстарды (материалдық, кадрлық, техникалық және т. б.) бөлуіне жәрдемдеседі;
3) жұмыс берушілердің әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін іске асыру үшін, оның ішінде келісімдер мен ұжымдық шарттар шеңберінде жағдайлар жасауына ықпал етеді;
4) жұмыс берушілердің жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі алдын алу шаралары кешенін, оның ішінде:
өндірістік жарақаттанудың алдын алу;
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді мерзімді медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізу;
кәсіптік тәуекелдерді басқару тетіктерін өндірістік практикаға енгізу шараларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
5) жұмыс берушілердің жалақыға және міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарға арналған қаражатты өзге мақсаттарға пайдалануына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;
6) ұқсас және біліктілігі бірдей жұмыстарды орындау кезінде шетелдік және отандық жұмыскерлер арасында еңбекақы төлеу саласында жұмыс беруші тарапынан кемсітушілікке жол бермеуді қамтамасыз етеді.
Жұмыскерлердің аудандық бірлестігі:
1) салалық және өңірлік үшжақты келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген талаптарда және тәртіппен Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуді жандандырады;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмысын, оның ішінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізуі бөлігінде жандандырады;
3) ұжымдық-шарттық қатынастарды, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда жасалған электрондық еңбек шарттарын тарату жөніндегі ақпараттық науқандарды жүргізеді;
4) еңбек ұжымдарында өндірістегі жазатайым оқиғалардың, жарақаттар мен аурулардың ауқымы мен салдарын талдамалық баяндамалар дайындау арқылы түсіндіреді.
Тараптар бірлесіп:
1) әзірленген ұсыныстарды кейін уәкілетті мемлекеттік органдарға практикалық іске асыру үшін жібере отырып, Аудандық комиссияның отырыстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану, кәсіптік ауру жай-күйі мәселелері бойынша қарауға қатысады;
2)2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша:
әйелдер мен ерлер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерін;
ана мен баланы қорғауды, әйелдерді әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешуді;
балаларды күтумен және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерге тең қолдау көрсетуді;
әйелдер мен ерлердің еңбекақысындағы теңдікті;
басқару функцияларын жүзеге асыратын әйелдердің үлесін кеңейтуді қамтамасыз ететін шаралар қабылдауға қатысады;
3)мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша:
еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласында олардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге;
өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;
жастардың оң қоғамдық бастамаларын қолдау және ынталандыруға бағытталған шараларды қабылдауға;
4) балалар еңбегінің ең нашар түрлерін тиімді жоюға бағытталған ұлттық саясатты сақтауға және іске асыруға жәрдемдесуге;
5) еңбекті қорғауды басқару жүйесі нәтижелілігінің төменде көрсетілген:
өндірістік жарақаттану деңгейін (1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті) 2023 жылға қарай 0,26-ға дейін азайту;
ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағын (ірі және орта кәсіпорындар арасында) 2023 жылға қарай
94,2%-ға дейін ұлғайту;
зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің үлес салмағын 2023 жылға қарай 20%-ға дейін қысқарту көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі шараларды іске асыруға қатысуға;
6) кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құруға, сондай-ақ олардың тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесуге;
7) ауданның кәсіпорындарында:
қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушіден мердігерге дейін сатылы бақылауды;
еңбекті қорғау мен қауіпсіздігінің қазіргі заманғы стандарттарын енгізу жөніндегі жұмысты жүргізуге;
8) еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға келісімдерде, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актілерінде айқындалатын мөлшерде, бірақ жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес ай сайынғы қосымша ақыны жүзеге асыру мәселесі бойынша консультациялар өткізуге, сондай-ақ жұмыс берушінің және (немесе) кәсіптік одақтардың қаражаты есебінен мамандандырылған білім беру ұйымдарында олардың жыл сайынғы оқуын өткізуге қатысады.
VI бөлім. Әлеуметтік саясат
Тараптар әлеуметтік саясатты дамыту жөніндегі міндеттемелерді қабылдады, олар мынаған бағытталған:
1) 2021 жылы еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақының шекті мәнін ұлғайту мәселесін қарауға қатысу, қажетіне қарай қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс дайындау;
2) азаматтарға міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің кепілдік берілген түрлерін қамтамасыз ету;
3) әлеуметтік төлемдерді цифрландыру шеңберінде азаматтың «Әлеуметтік әмияны» цифрлық платформасын енгізуге қатысу;
4) әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;
5) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін кеңейту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
6) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің жобасын әзірлеуге белсенді қатысу;
7) мүгедектігі бар жұмыскерлердің өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік қолдауды күшейту, сондай-ақ олардың қоғамға кірігуі үшін тең жағдайлар жасау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
8) ерікті зейнетақы, медициналық, әлеуметтік сақтандыру жүйелерін дамыту.
VII бөлім.Келісімді іске асыру және оның орындалуын қадағалау
1) Келісімге қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде Келісімді іске асыру және оны одан әрі қарау мен аудандық комиссияның отырысында бекіту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
2) Келісімде жазылған уағдаластықтарды іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде шаралар қабылдау;
3) Тараптардың әрқайсысы Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық жасауға құқылы, олар барлық тараптардың өзара келісімі бойынша қабылданады, Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамамен ресімделеді және оларға қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін ол ресми жариялануға тиіс. Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары оларға қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде енгізілген өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға сәйкес келтіріледі;
4) Келісімді іске асыруға қатысты мәселелер жөніндегі аудандық комиссияның шешімдері осы Келісімді іске асыру нысандарының бірі болып табылады;
5) Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын мониторингтеу негізінде а комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен Келісімнің орындалуын қадағалауды жүзеге асыру;
6) Аудандық келісімде жұмыскерлердің жағдайын нашарлатпауға тиіс;
7) Тараптардың әрқайсысы өңірлік деңгейлерде келісімдерді әзірлеуге және қабылдауға қатысатын байқаушылар тобына енгізу үшін өз өкілдерін айқындайды және бұл туралы қалған тараптарды хабардар етеді;
Осы Аудандық келісімге мыналар қол қойды:
Махамбет ауданы әкімдігі атынан:
|
Махамбет ауданы әкімінің бірінші орынбасары М.Ж. Сейтқалиев |
___________________ |
|
|
|
Жұмыскерлердің аудандық бірлестіктері атынан:
|
«Махамбет аудандық мемлекеттік қызметшілер кәсіподақ комитетінің төрағасы М. Сабырғалиев |
___________________ |
|
|
|
|
|
|
Жұмыс берушілердің аудандық бірлестігі атынан:
|
«Махамбет» СТК төрағасы Е.Е.Қуанышев |
___________________ |