Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау
нәтижелері бойынша 2021 жылдың бірінші тоқсанына арналған
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Махамбет ауданы бойынша 2021 жылдың бірінші тоқсан қорытындысымен барлығы 3438 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 689-ы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) көрсетілсе,279-ы мемлекеттік органда (ведомстволық бағыныстағы мекемелермен) көрсетілген. Электронды форматта көрсетілген қызметтер саны –2470.
2021 жылдың бірінші тоқсан қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде 35 құжат бас тартылған. Барлығы да заң шеңберінде қанағаттандырылмаған.
Ақпараттандыру мақсатында 4 шара өткізіліп, 20100 аудан тұрғындары қамтылды. Аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің электронды түрін көбейту мақсатында халық арасында ақпараттық насихаттық жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандық газеттің бетінде 5 мақала жарық көрсе, әлеуметтік желілерге 3 мақала, 6 видеоролик жарияланып жеке тұрғындарға барлығы 150 брошюралар мен жадынамалар таратылды.
Ауылдық округтерде электрондық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 1-жәрмеңке өткізіліп, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы 120 тұрғын ЭЦҚ-мен қамтылды және 1100 электрондық қызмет көрсетілді. ХҚКО жанынан құрылған мобильдік топ елді мекендерге кестеге сай айына 2 рет және қажет болған жағдайда кезектен тыс шығады.
Алдағы уақытта да ақпараттандыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізіледі.