Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша атқарылған жұмыстар (2020 жылдың 11 ай қорытындысымен)

Махамбет  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша атқарылған жұмыстар

 

         Махамбет  ауданында - 11  мәдениет үйі,  1 ауылдық клуб,  12 кітапхана  мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырып, халыққа қызмет көрсетуде. Аудандағы халық саны 1.01.2020 жылға - 29267 адам. Барлық мәдениет үйлеріндегі көрермендер орны - 2850.

           Ауданда  «Алға»  халық  театры, «Жайлашевтар» халықтық отбасылық ансамблі, «Атамұра» халық- аспаптар ансамблі, «Қазына» ардагерлер ансамблі, «Аруана» әжелер ансамблі, «Сайран» вокалды аспапты ансамблі, «Әсем-ай»,   «Нұр-Ару», «Айналайын», «Қызғалдақ», «Көркемқыз» би топтары халыққа өз өнерлерін ұсынып келеді. Олар  республикалық, облыстық байқау-конкурстарға қатысып, ауданымыздың намысын қорғауда.

             Жалпы  аудан көлемінде 5 хор үйірмесі, 14 вокалды топ,  14 би тобы, 1 қолөнер үйірмесі, 9 домбырашылар ансамблі, 1 фольклорлық ансамбль, 5 терме үйірмелері,  3 отбасылық ансамбль, 3 балалар ансамблі жұмыс жасайды.

       2020 жылдың 10 айында  ауданда  барлығы - 483 мәдени шара ұйымдастырылып,  оған - 152974  адам қатынасты. Мәдени шараларға  7млн.763 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді.  

       Сарытоғай ауылында- 200 орындық мәдениет үйінің құрылысы жалғасуда.

      Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, еліміздегі пандемия жағдайына байланысты, әртүрлі тілдік және мәдени шаралар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  Фейсбуктегі «Махамбет Мәдениет бөлімі» парақшасы арқылы ұйымдастырылып, жариялануда және көрермен тарапынан қолдау табуда. Наурыз айынан бастап  «Фейсбук» әлеуметтік желісінде бөлім арқылы 293 әртүрлі онлайн шаралар ұйымдастырылды.

        Биылғы жылдың  ірі  шараларына тоқталар болсақ,  Қазақстан Үкіметінің Қаулысымен  «10 тамыз - Абай күні»  болып жарияланып, ұлы  ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының  175 жылдығына орай  республика көлемінде түрлі шаралар бастау алды. Бұл шараларға еңбектеген баладан, еңкейген қартқа  дейін ат салысып, ұлы ақынның тәрбиелік, ұлағатты сөздері насихатталуда. Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Абай ауылы» тақырыбымен өзге этнос жастары арасында «Абай оқулары» облыстық  байқауын өткізді. Байқауға Атырау қаласы мен аудандардан 6 үміткер қатысып, Абай жырларымен сусындаған жас өнерпаздар өздерінің Ұлы ақынның шығармашылығына деген құрметі мен сүйіспеншілігін көрсетті. Байқау нәтижесінде, махамбеттік Таяпова Әсемгүл Александровна (беларусь) Бас жүлдені қанжығасына байласа, осы  үміткер облыс атынан «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» Республикалық байқауға қатынасып, жүлделі 3-орынға ие болды. Махамбет  ауданының  мемлекеттік қызметшілері, барлық ауылдық округтегі мәдениет үйлерінің қызметкерлері, ауыл әкімдері,білім ұйымдарының қызметкерлері  де  бұл бастаманы қостап, айтулы мерекеге өз үлестерін қосып, Абай өлеңдерін оқу бойынша «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы...» атты челленджін ұйымдастырып, әлеуметтік желіге жарияланды.                                                        

        Көрнекті ақын, Қазақстан  Әнұранының авторларының бірі – Жұмекен Нәжімеденовтің 85 жылдығына орай #Jumeken85 өлең эстафетасы басталған болатын. Жыр сәлемдемесін өткізу –«ATYRAY» телеарнасының бастамасы. Басты мақсат – ақиық ақынның шығармашылығын дәріптеу арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Атыраудан бастау алған жыр шашуын Қазақстанның әр қиырындағы мектеп оқушылары одан әрі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері,  жоғарғы оқу орны басшылары мен зиялы қауым да жалғады. Әлеуметтік желіде қызу қолдау тапқан мәдени-көпшілік іс-шараға қатысқандардың арасында мәдениет қызметкерлері Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Аруев, аудандық кітапхана басшысы   Ш.Ізмағанбетова «Өнерпаз» мәдениет үйінің басшысы С.Қойшығұловтар болды.

       Ұлы Жеңістің 75 жылдығына және Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына  31 жыл толуына орай “Біздің елдің жігіттері” атты аудандық байқау ұйымдастырылды. 15 қазан күні аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен Махамбет ауданы әкімдігімен бірлесе «Сарайшық –тарихқа тұнған туған өлке» тақырыбында облыстық  суретшілер мен қолөнершілер көрмесі өткізілді.

       24 қазан күні «Өнерпаз» мәдениет үйінде Қазақстан және Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, сазгер Илья Жақановтың «Ақжайықтың алтын күзі» атты шығармашылық кеші өтті.

        Қазан айының 26-сы күні  аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде «Жайық өрнектері» аудандық би байқауының қорытынды марапаттау шаралары ұйымдастырылып өткізілді.

        Аудандағы кітапханалар желісінің саны-12. Аудандық орталық    кітапханадағы кітап қорының  жалпы саны- 275555  дана, оның ішінде қазақ тіліндегісі – 159981 дана. Оқу  залдарындағы оқырмандар орны -147, оқырмандар саны -  5320.

       2020 жылы жаңа 3756 дана әдебиеттер алынды. Оған  16255478,23 теңге жұмсалды. Кітапханалардағы компьютерлер саны -34. Оның ішінде интернет желісіне қосылғаны- 5. Жергілікті бюджеттен  кітапхана саласына – 47(қырық жеті миллион төрт жүз сексен жеті мың) 47487,0   теңге  қаржы  бөлінді.

Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша атқарылған жұмыстар
Дата публикации
02 декабря 2020