www.egov.kz сайтының «Ашық НҚА» бөлігінде Махамбет ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласының мамандары бойынша жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленетін лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулы жобасы талқылауға жарияланғанын хабарлаймыз. Төмендегі сілтемеге өтіп, танысуға болады. Талқылау мерзімі 2021 жылдың 16-30 сәуір аралығы.