Махамбет ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орлалығы КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2020 жылдың 31 желтоқсанына талдамалық АНЫҚТАМА
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
2020 жылдың ІI -жартыжылдығы.
1.«Махамбет ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, Махамбет ауылы, Абай көшесі 7а үй.
2.Орталық бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін 5 адамнан тұратын жұмысшы тобы құрылды.Топтың төрағасы орталық директоры –А.Төлеген.
3.Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізілген мерзімі 2020 жылдың 1 шілдеден 31 желтоқсан.
4.Махамбет ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының, құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Аудандық жұмыспен қамту орталығында штат саны бойынша 21 адам жұмыс жасайды, оның ішінде жұмыспен қамту орталығының директоры-1, орталық директордың орынбасары-1, орталық мамандары-4, эконмист-1, бас есепші-1, консультант-1, ассистентер-9, күзетшілер -3. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.
2.Мүдделер қақтығысын реттеу
Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету
Махамбет ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 6 мемлекеттік қызмет түрлері атқарады.
1.«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»
Қызмет көрсету тәртібі мен мерзімі 30(минут), сондай-ақ электрондық үкімет порталға хабарласу кезінде 1(бір) жұмыс күні.
1 шілдеден 31 желтоқсан аралығында 1205 өтініш түсті.
2.Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
Қызмет көрсету тәртібі мен мерзімі 2(екі) жұмыс күні.
1 шілдеден 31 желтоқсан аралығында 911 адам жұмыссыз есебіне тіркелді.
Қызмет көрсету тәртібі мен мерзімі 1(бір) жұмыс күні.
1 шілдеден 31 желтоқсан аралығында 169 анықтама берілді.
Қызмет көрсету тәртібі мен мерзімі 30(минут), сондай-ақ электрондық үкімет порталға хабарласу кезінде 1(бір) күн.
1 шілдеден 31 желтоқсан аралығында 840 жолдама берілді.
5.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
Қызмет көрсету тәртібі мен мерзімі 7(күн), ауылдық округ әкіміне 10(жұмыс) күні.
1 шілдеден 31 желтоқсан аралығында 49 өтініш түсті.
Қызмет көрсету тәртібі мен мерзімі 15(он бес) минут
1 шілдеден 31 желтоқсан аралығында 39 анықтама берілді.
4.Бақылау және авторизациялау функцияларын жүзеге асыру
Махамбет ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында бақылау және авторизациялау функциялары жоқ.
Аудандық жұмыспен қамту орталығы өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады: 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңы, 2016 жылғы 16 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» № 516 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын» бекіту туралы № 746 қаулысы.
31 желтоқсандағы есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.
7. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.