Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау
нәтижелері бойынша 2020 жылға арналған
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Махамбет ауданы бойынша 2020 жылдың қорытындысымен барлығы 14502 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 4319-ы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) көрсетілсе, 1102-і мемлекеттік органда (ведомстволық бағыныстағы мекемелермен) көрсетілген. Электронды форматта көрсетілген қызметтер саны – 9081.
2020 жылдың қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде 517 құжат бас тартылған. Барлығы да заң шеңберінде қанағаттандырылмаған.
Ақпараттандыру мақсатында 8 шара өткізіліп, 87417 аудан тұрғындары қамтылды. Аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің электронды түрін көбейту мақсатында халық арасында ақпараттық насихаттық жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандық газеттің бетінде 23 мақала жарық көрсе, әлеуметтік желілерге 19 мақала жарияланып жеке тұрғындарға барлығы 655 брошюралар мен жадынамалар таратылды.
Ауылдық округтерде электрондық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 1-жәрмеңке өткізіліп, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы 1634 тұрғын ЭЦҚ-мен қамтылды және 3097 электрондық қызмет көрсетілді. ХҚКО жанынан құрылған мобильдік топ елді мекендерге кестеге сай айына 2 рет және қажет болған жағдайда кезектен тыс шығады.
Алдағы уақытта да ақпараттандыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізіледі.