Махамбет ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы
Махамбет аудандық әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісітері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы өз жұмысын жүйелі атқарып келеді.
Комиссия жұмысының негізгі мақсаты кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу саласында мемлекеттік органдардың және мекемелердің қызметтерін отырыс өткізу арқылы үйлестіруді қамтамасыз ету болып табылады.
Комиссия отырысы «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы», «Бала құқығы туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, сондай-ақ Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі тұрпайы қағида ережелерінің негізінде жасалған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
Қазіргі уақытта Махамбет ауданы әкімдігінен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысына жеке штат бірлігі бөлініп, комиссия мүшелерінің қызметтік лауазымдары өзгеріуіне байланысты Махамбет ауданы әкімдігінің 2020 жылдың 20 тамызда «Махамбет аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы» №187 қаулысымен комиссия құрамы айқындалды. Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Аманшиева Света Ертлеуовна комиссия төрайымы болып тағайындалып, комиссия құрамына аудандық мәслихат депутаты, ішкі істер, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әділет органдарының өкілдері енгізілді.
Қолданымдағы Заңанамаға сәйкес комиссия отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде айына екі рет аудан әкімдігінде міндетті түрде кәмелетке толмағандардың және олардың заңды өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.
Аудан әкімдігі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 маусымдағы «Кәмелет жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы типтік ережені бекіту туралы» №789 Қаулысын басшылыққа ала отырып, 2019 жылы 19 отырыс өткізіліп, барлығы 45 мәселе жоспарлы түрде, ал кезектен тыс 18 мәселе полиция бөлімінің ұсынысымен және 2020 жылы барлығы 25 отырыс өткізіліп, 20 мәселе жоспарлы түрде, ал кезектен тыс 5 отырыс өткізіліп, онда 16 мәселе полиция бөлімінің ұсынысымен қаралып хаттамалар толтырылды.
«Махамбет ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді.
Махамбет ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы балалардың құқығын қорғау мақсатында аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылыда жалғасын табатын болады.
Махамбет ауданы әкімі аппараты