Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2020 жылдың 31 желтоқсанына талдамалық АНЫҚТАМА
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2020 жылдың ІI -жартыжылдығы.
1.«Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ, Махамбет ауылы, Абай көшесі 13 үй.
2.Бөлім бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін 5 адамнан тұратын жұмысшы тобы құрылды.Топтың төрағасы бөлім басшысы –А.Қабдолова.
3.2020 жылдың 1 шілдеден 31 желтоқсан аралығына ішкі талдау жүргізілді.
7.Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.
8.Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:
«Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашада №414;
«Әдеп Кодексі» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 ;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410;
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221;
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңы;
«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787 Заңы;
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңы;
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482;
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434 Заңы;
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республиксаның 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 Заңы;
«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 6 мамырдағы №322;
«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысы;
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысы;
«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы;
«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015жылы 25 ақпандағы №112 бұйрығы;
«Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» бұйрығы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығы.
9.Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, түсіндіру бағытында аудандық «Жайық шұғыласы» газетіне 2 рет мақала, Facebook әлеуметтік желісіне көрсетілген мемлекеттік қызметтер және өзгерістер туралы мәліметтер жарияланды. Ауыл округтегі тұрғындармен кездесіп, Мемлекеттік корпарация қызметкерлерімен 2 рет дөңгелек үстел өткізілді.