Махамбет аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдауы туралы

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2020 жылдың ІI жартыжылдығы

Талдау кезеңі: 2020 жылдың 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығы.

«Махамбет аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы,  «Жайық шұғыласы» газетіне 50 жыл көшесі, №29.

Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Махамбет аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті  қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінде штат саны бойынша 3 мемлекеттік қызметкер бар.

          Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

«Махамбет аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ-сі мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

«Махамбет аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ-сінде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

«Махамбет аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ-сіне               2020 жылдың ІI жартыжылдығында жеке тұлғадан 1 арыз-шағым түсіп, жазбаша түрде түсіндірме жүргізілді.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

 «Махамбет аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ-сінде Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

          Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І.Кіріспе

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: Атырау облысы, Махамбет ауданы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді: «Махамбет аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, «Жайық шұғыласы» газетіне 50 жыл көшесі, №29, электронды пошта: m.kasipkerlik_bolimi@atyrau.gov.kz, телефон нөмірі: 871(236)7-90-12.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі:

басталды: 1 шілде, аяқталды 31 желтоқсан.

  1. Бақыланатын кезең: 2020 жылдың ІI жартыжылдығы.

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

 

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.

 

ІІІ. Қорытынды бөлімі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

«Махамбет аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ-сінде            2020 жылдың ІI жартыжылдығының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізу.

 

Махамбет ауданының аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдауы
Дата публикации
27 января 2021