Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабының 2 - тармағының  4, 5 - тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауына сай, «Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 24 шілдедегі №06-01-10-03-10/1583 санды хаты негізінде Махамбет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Атырау облысында «Финская-120 АГТС және «Редут-Финская-120 АГТС» магистральдық газ құбыры тармағын салу» жобасын орындау мақсатында «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамының тұрақты жер пайдалану құқығындағы кадастрлық №04-065-006-514 санды жалпы жер көлемі 0,5994 гектар автоматтық газ реттегіш бекеті құрылысы үшін жер телімін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап алты ай болып белгіленсін.
  3. Махамбет ауданы әкімінің аппараты аталған қаулыны қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  4. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иелері Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі, №22 ғимаратында орналасқан «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуы қажет.
  5. Махамбет ауданы әкімі, Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы жер учаскесінің құнын төлеуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау Махамбет ауданы әкімінің орынбасары А.С.Аймұратовқа жүктелсін.

 

 

Ауданы әкімі                                                                                        Қ.Нұрлыбаев

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Дата публикации
04 сентября 2026