«Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
Махамбет ауылы 19 тамыз 2026 жыл
Талданатын объект: «Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме), Атырау облысы, Махамбет ауданы, Абай көшесі, № 16.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары мекеме басшысының «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:
1) Төлеуғалиев Жігербек Берікқалиұлы - бөлім басшысы, жұмыс тобының төрағасы;
2) Кубашева Камар Хамидоллаевна - бөлімнің бас маманы;
3) Шаймурзина Асел Серікқалиқызы – аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және мемлекеттік көрсетілетін қызметті бақылау бөлімінің бас маманы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі:
24 шілде – 19 тамыз 2026 жыл.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.
І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында мекеменің қолданыстағы құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Талдау жүргізу барысында мекеменің ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2025 жылы жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен:
Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны – 3 бірлік.
Штаттан тыс қызметкерлердің саны – 4,5 бірлік.
Тәртіптік жаза бойынша: 10.10.2025 жылы бөлім басшысының №37 бұйрығымен бөлімнің бас маманы Бақтыгерей Саят Бақтыгерейұлына Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарының сақталмағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік шара берілді.
2026 жылдық қаңтар-маусым айларында жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен:
Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны – 3 бірлік. 2026 жылдың 30 маусым жағдайы бойынша бос вакансия бар.
Штаттан тыс қызметкерлердің саны – 4,5 бірлік.
Тәртіптік жаза бойынша тәртіптік шара болған жоқ.
Мекеменің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.
Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2025 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және мемлекеттік көрсетілетін қызметті бақылау бөлімімен ұдайы бақыланып отырады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мерзім бұзушылық және өтінішті негізсіз қайтару орын алмаған.
Талдау жүргізу барысында Мекемеде рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
VII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында Мекемеде бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
VIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлімдегі жалпы құжат айналымы:
2025 жылдың 1 маусымынан 31 желтоқсанға дейін кіріс- 1421; шығыс-1543.
2026 жылдың 1 шілдесіне тіркелген кіріс хаты -707, шығыс хаты -996 .
2025 жылдың 1 маусым ынан 31 желтоқсанға дейін жеке және заңды тұлғалардан 68 өтініш келіп түскен. Заңға сәйкес арыз иелеріне жазбаша жауап берілген.
2026 жылдың қаңтар-шілде айларында жеке және заңды тұлғалардан 46 өтініш келіп түскен. Заңға сәйкес арыз иелеріне жауап берілген.
*-IX. Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мекеменің 2025 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес, 3 805 203,0 мың теңге қаражат бөлінген, 31.12.2025 ж. жағдайға игерілген сомасы- 3 785 344,0 мың теңге. 2026 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес, 3 615 569,0 мың теңге қаражат бөлінген, 30.06.2026 ж. жағдайға игерілген сомасы – 1 482 093,0 мың теңге.
Ұсыным:
Талдау жүргізу барысында Мекемеде жасырын қызметті анықтауға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Жұмыс тобы мүшелері:
|
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы |
|
Төлеуғалиев Жігербек Берікқалиұлы |
|
Аудандық құрылыс,сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы |
|
Кубашева Камар Хамидоллаевна |
|
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және мемлекеттік көрсетілетін қызметті бақылау бөлімнің бас маманы
|
|
Шаймурзина Асел Серікқалиқызы |