КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
1) Мұқанғалиев Алшынбек Жандарбекұлы -аудан әкімі аппараты басшысы;
2) Мухтарова Гаухар Хафизовна-аудан әкімі аппаратының жалпы және шаруашылық бөлімінің басшысы;
3) Шаймурзина Асел Серікқалиқызы-аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, мемлекеттік көрсетілетін қызметті бақылау бөлімінің бас маманы;
4) Уташева Динара Мендигалиевна-аудан әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды бағалау қызметінің басшысы;
5) Койшыбаева Жансая Дархановна-аудан әкімі аппаратының бас маман- есепшісі.
СИПАТТАМА БӨЛІМІ:
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Талданатын объект туралы мәліметтер:
Аудан әкімі аппараты - құзыреті шегінде аудан әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Аудан әкімі аппараты өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де НҚА-ға, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады. Есепті кезеңде Аудан әкімі аппаратында өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған.
Мекен-жайы: Махамбет ауылы, Абай көшесі № 16 ғимарат.
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Махамбет ауданы әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Аудан әкімі аппаратында штат саны бойынша 97 мемлекеттік қызметкер, бос лауазымдық орын 6.
16 мемлекеттік қызметкерлерге «ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.
Аудан әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Есепті кезең бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Махамбет ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 34 мемлекеттік қызмет түрі бойынша барлығы 4726 қызмет көрсетілді, оның ішінде 470 қағаз түрінде, 333 мемлекеттік корпорация арқылы, 3909 электронды түрде.
Сонымен қатар, ішкі бақылау бойынша, есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын ішкі бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес, барлығы 10 мемлекеттік мекеменің жұмысы тексерілді.
Ішкі мемлекеттік бақылау шараларының нәтижесінде заң нормаларын бұза отырып бірқатар кемшіліктер орын алғандығы белгілі болды.
Кемшіліктерге жол бермеу мақсатында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау бөлімі мамандарымен тиісті дербес бөлімдер және ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуші мамандарына ұдайы көмек көрсетіліп, түсіндірме семинарлар ұйымдастырылып келеді. Өз кезегінде семинарлардың ұдайы ұйымдастырылуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын-алуға бағытталған.
«Махамбет ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ.
Махамбет ауданы әкімі аппаратына барлығы –625 тіркеліп, аудан әкімі арқылы ауылдық округтер мен бөлімдерге жолданды. Оның ішінде, е-өтініш арқылы 303, қағаз түрінде 320, почта арқылы 3 өтініш түсті.
Атырау облысы әкімі аппаратының өтініштерді қабылдау және бақылау бөліміне ай сайын «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» салыстырмалы тексеру актісі тапсырылуда.
«Махамбет ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І.Кіріспе
басталды 15.06.2026-15.07.2026 жыл.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
ІІІ. Қорытынды бөлімі
Аудан әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы бар фактілер анықталған жоқ.
Аудан әкімі аппаратымен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
Аудан әкімі аппаратының ережесінде рұқсат беру функциялары көзделмеген.
VII. Бақылау функцияларын іске асыру
Аудан әкімі аппаратымен бақылау функциялары іске асырылмайды.
VIІІ. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
Аудан әкімі аппаратының есепті кезеңге арналған қаражаты толығымен жыл соңына дейін 100% пайызға толығымен игерілген, аппараттың қызметінде бюджет қаражатын игеру және бөлу функциялары қарастырылмаған.
Аудан әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес заңды тұлғалармен 186 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған.
Х. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Аудан әкімі аппаратымен ақпараттық жүйелер әзірленбеген, себебі барлық ақпараттық жүйелер Атырау облысының әкімдігі арқылы жүргізіліп келеді.
Талдау нәтижесінде аппараттың қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептерді жою бойынша ҰСЫНЫМДАР: