«Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері аудандық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың (әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратындарды қоспағанда), акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша аудандық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін аудандық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидаларын бекіту туралы» Махамбет ауданы әкімдігінің қаулысының жобасына түсіндірме жазба

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

          Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

          Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 56-бабы,                            3-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

            Жобаны іске асыру жергілікті бюджеттен қаражат шығыстарын қажет етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын халықтың ауқымды топтары үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдары, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

          Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және/немесе өзге салдарға әкеп соқтырмайды.

  1. Әлеуетті стейкхолдерлер (мемлекет, бизнес-қоғам, халық, өзге санаттар) үшін мүмкін салдарды егжей-тегжейлі сипаттайтын нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

          Мемлекеттік кәсіпорындардың аудандық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Ол қабылданған жағдайда басқа нормативтік құқықтық актілерді жобаға сәйкес келтіру талап етілмейді.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Сәйкес келеді.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

          Талап етілмейді.

«Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері аудандық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың (әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратындарды қоспағанда), акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша аудандық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін аудандық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидаларын бекіту туралы» Махамбет ауданы әкімдігінің қаулысының жобасына түсіндірме жазба
Дата публикации
09 июля 2026