Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы, 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев
|
|
Махамбет ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «_____» _______ №____қаулысына 1-қосымша
|
Акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) аудандық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың (әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратындарды қоспағанда), акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің тізбесі
|
№ р/с |
Ұйымның атауы |
Тиісті саланың уәкілетті органы/мемлекеттік басқару органы |
|
1 |
«Махамбет Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
«Махамбет аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
|
2 |
«Таза Махамбет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
«Махамбет аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
|
|
Махамбет ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «_____» сәуірдегі №____қаулысына 2-қосымша
|
Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері аудандық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың (әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратындарды қоспағанда), акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша аудандық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін аудандық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – Тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының өзгеде заңдарында көзделген шарттарда аудандық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін мемлекеттік орган.
2-тарау. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері аудандық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың (әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратындарды қоспағанда), акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша аудандық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін аудандық бюджет комиссиясының қарауына шығару тәртібі
Тиісті саланың уәкілетті органы өтінішхатқа аудандық бюджет кірістерінің қысқаруын көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі №20 бұйрығымен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендттер төлегеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалану туралы ақпарат беру қағидалары мен нысанына сәйкес аудандық бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төлегеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалану туралы ақпаратты, талдамалық жазбаны, Ұйымдарды аудандық бюджетке дивидендтерді немесе таза табыс бөлігін төлеуден босатуға қатысты қаржылық-экономикалық негіздемені, сондай-ақ басқада растайтын құжаттарды (болған жағдайда) (бұдан әрі – материалдар) қоса береді.
4.Бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган өтінішхат келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды қарайды.
Ұсынылған материалдар осы Қағиданың 3-тармағының екінші бөлігінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда пысықтауға жататын ескертулерді көрсете отырып, материалдарды тиісті саланың уәкілетті органына кері қайтарады.
Тиісті саланың уәкілетті органы ескертулерді алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде пысықталған материалдарды Бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органға электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қайта жолдайды.