«Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Егер мекеме заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттектері
Жерді қорғау мен тиімді пайдалануды ұйымдастыру, жерді ұтымды пайдалану, жер ресурстарының жағдайын зерделеу деңгейін көтеру.
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөнінде қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың жер заңнамасына қайшы келетін шешімдерін тоқтату туралы ұсыныс енгізуге.
2) Міндеттері:
иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау;
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Жер Кодексінің 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу;
Жер Кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
жер комиссиясының жұмыс органы болып табылады.
иесіз жер учаскелерін есепке алу;
ауданның жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсынастары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру,
аудандардың жер балансын жасау;
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасау;
ауданның жергілікті атқарушы органның іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
мемлекеттің жер қатынастары саласындағы мүдделерді қорғау;
қолданыстағы жер заңнамасы шеңберінде азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттар мен өтініштерді қарау;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру (мақалалар жариялау, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу және т.б.)
1) бөлімнің қызметіне басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
4) бөлімнің атынан сенім хатсыз іс-әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;
5) заңнамамен белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ оларға тәртіптік шаралар қолданылады;
6) бөлімге тиесілі мүлікті, қаржы қаражатын пайдалану, иелену және басқару құқығын иеленеді және қаржы тәртібінің сақталу үшін дербес жауап береді;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттерді жүзеге асырады;
8) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Мекеме мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
23. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.