«Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер мекеме заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
1) мемлекеттік мекеменің мақсаттары құрылыс және қайта жаңғырту саласында қызмет көрсетумен қатар аудан қажеттілігіне қарай инфрақұрылыммен қамту, мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес тұрғын үй, мектеп, аурухана және әлеуметтік нысандарды салу және елді мекендер халқының толыққанды тіршілік ету ортасы мен тіршілік қызметін қалыптастыру болып табылады.
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де мақсаттар.
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан белгіленген тәртіпте қажетті ақпаратты сұрату және алу;
мекеме құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің, аудандық мәслихаттың отырыстарына қатысу;
аудан әкімдігі мен тиісті облыстық басқарма алдында бекітілген бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру жөнінде өз жұмысынан есептер беру;
өндірістік құрылыс-монтаждау жұмыстарына бақылауды жүзеге асырады, құрылыс нормасы мен ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда, құрылыстың жүру барысына жұмысты тоқтатуға дейін нұсқаулар мен ескертулер беруге;
жеке адамдар мен заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастыру және қатысу;
аудан көлеміндегі құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындауда мүмкіндігі бар мердігерлерді анықтауда өткізілетін тендерге қатысу;
жаңа нысандардың құрылысына және коммуналдық меншіктегі нысандардың жөндеу жұмыстарына тапсырысшы болу; 2) Міндеттері: аудандық әкім және жергілікті ауылдық, селолық округ әкімі құзіреттеріне сәйкес құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы жерге орналастыру, жоспарлау, құрылыс салу, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша құжаттары, дәйектемелер мен ұсыныстарды дайындау;
тапсырыстарды қарауды ұйымдастыру, жеке құрылыс салушыларды қоса отырып, тапсырыс берушілерге, инвесторларға, жұмыстары орындаушыларға қала құрылысы құжаттарын ұсыну. Жұмысты атқарушыларға, инвестициялық және қала құрылысы нысандары қызметін қолдаушыларға рұқсат беретін құжаттарды беру, меншік түріне қарамастан жоба бойынша барлық түрдегі құрылысты келісу;
қала құрылысы және жер пайдаланушы заңдарының орындалуын, елді мекендердегі бөлшектеп жоспарлау жобасының материалдарын дайындау; құрылыс бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, өндірістік обьектілерінің жыл бойғы және болашақтағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының қажеттігін анықтау; жергілікті бюджеттен және демеушілік көмектен берілген жұмыс көлемінің орындалуын талдайды. №2 "Жүргізілген құрылыстардың, жөндеулердің аралық орындалысы жөнінде" және №3 "Жүргізілген құрылыстардың толық орындалысы жөнінде" формалармен берілген рәсімдеу және көлемдерді тексеріп, бұрыштама соғу; белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы құжаттамасы мен өзге де жобалау құжаттамасы нормаларының сақталуын қамтамсыз ету; аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беру; мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету; заңнамалық белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді атқаруды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызмет көрсетілетін тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау; бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес, қала құрылысы тәртібін, аудан аумағында құрылыс салу ережелерін сақтай отырып құрылыс жобаларының іске асыруын қадағалауды жүзеге асыру; жоба-жоспарының құжаттарын, аудан құрылысына жататын ғимараттардың жобаларын қарау және келісу; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген өкілеттіктер шегінде құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы өзге міндеттерді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру; құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну; Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру; Эскизді келісуден өткізу.
аудан, облыс әкімдігі әзірлеген бағдарламаларды жүзеге асыруда аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен өзара байланысты әрекет ете отырып өз жұмысының бағдарын анықтайды;
өнеркәсіптік, құрылыс кәсіпорындарының қызметіне көмек көрсетеді және бақылау жасайды;
аудандық әкімдігінің отырысында қаралатын мәліметтереді дайындайды, мәліметтерді жинап, талдау жасайды;
аудан әкімінің өкімдері мен қаулы жобаларын дайындайды, оның жүзеге асырылуына қатысады және бақылау жүргізуге қатысады;
ауданда мемлекеттік сәулет- қала құрылысы саясатын жүргізу және ауданның кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы және перспективалық міндеттерін шешуге, тіршілік ету ортасын жетілдіру мен сәулеттік келбетті жақсартуға бағытталған қала құрылысы бағдарламаларын жүзеге асыру;
ауданда құрылысын салуға жататын ғимараттар мен құрылыстардың жобалау-жоспарлау құжаттамасын, жобаларын қарау және оларды келісу;
белгіленген тәртіппен өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы тұрғын үй-азаматтық құрылысының аяқталған обьектілерін қабылдауға қатысу.
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.