«Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер мекеме заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
аудан әкімдігінің қарауына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы стратегиялардың мақсаттары, басымдылықтары бойынша ұсыныстарды енгізу;
мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан белгіленген тәртіпте қажетті ақпаратты сұрату және алу;
мекеме құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің, аудандық мәслихаттың отырыстарына қатысу;
аудан әкімдігі мен тиісті облыстық басқарма алдында бекітілген бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру жөнінде өз жұмысынан есептер береді;
аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының құрылысын салу, оларды қайта жаңғырту, жөндеу және ұстау кезінде нормативтік талаптардың сақталуына тексеру жүргізуге;
өндірістік құрылыс-монтаждау жұмыстарына бақылауды жүзеге асырады, құрылыс нормасы, мен ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда, құрылыстың жүру барысына жұмысты тоқтатуға дейін нұсқаулар мен ескертулер беруге;
өндірістік, құрылыстық, коммуналдық-транспорттық, энергетикалық мекемелердің қызметіне бақылау жасауға және көмектесу;
жеке адамдар мен заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастыру және қатысу;
елді-мекендерді сумен, газбен, жылумен және электро-энергиямен қамтамасыз етуді және басқа да коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын ұйымдастыру;
әлеуметтік және әр түрлі меншік үлгісіндегі инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым объектілерінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қорларын күтіп ұстау мен эксплуатацияға алуды ұйымдастыруға көмектесу;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру, ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау;
мемлекеттік мекеме тұрғын үй (тұрғын ғимарат) пайдалануға берілген кезде үш ай мерзімге кондоминиум объектісін басқару органының функцияларын жүзеге асырушы қызмет көрсететін ұйымды айқындайды;
Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
тұрғын-үй инспекциясы тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты күтіп ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады, сондай- ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді;
материалдарын, бұйымдарын және құрастырма бөлшектерін шығаратын кәсіпорын, мекемелерге, құрылыс объектілеріне бара алады; қажетті жағдайларда сарапшы ретінде өндірістің басқа салаларының, ғылыми-зерттеу және конструкторлық-жобалау ұйымдарының мамандарын шақыра алады.
тұрғын үй-коммуналдық объектілерінің күзгі-қысқы маусымға дайындығымен, жыл бойғы және болашақтағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының қажеттіліктерін анықтайды;
мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларына сәйкес, аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрылысын салу, оларды жөндеу және ұстау бойынша, сонымен қатар, аудандық көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, сондай-ақ аудан көлеміндегі
тұрғын үй-коммуналдық объектілерінің жөндеу жұмыстарын орындауда мердігерлерді анықтау үшін өткізілетін конкурстарды ұйымдастырады;
тұрғын үй-коммуналдық объектілерінің жөндеу жұмыстары және сатып алатын құрал-жабдықтардың техникалық тапсырмалар жинағын қамтамасыз етеді, мердігерлермен келісім-шартқа отырып, оның орындалуын бақылайды;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің және әлеуметтік сала нысандарының жобалау сметалық құжаттарының дұрыстығын, жөндеу жұмыстарын қадағалайды;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілеріне бақылауды жүзеге асырады, құрылыс нормасы және ережесінің сақталуымен қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда, құрылыстың жүру барысына нұсқаулар мен ескертулер береді, объектілерді пайдалануға қабылдауға жұмысшы және мемлекеттік комиссияларына қатысады;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінің инженерлік желілерінің құрылысына жер телімдерін бөлу кезінде нормативтік нормаға сәйкес жүруіне келісім береді;
аудан елді мекендерінің коммуналдық-тұрмыстық қажетті және мал бастары үшін жайылымдыққа су жеткізу қызметін субсидиялау қызметін жүзеге асырады;
аудан, облыс әкімдігімен жасалған бағдарламаларды жүзеге асыруда аудан әкімі аппараты, бөлімдермен өзара байланысты әрекет ете отырып, өз жұмысының бағдарын анықтайды;
жыл бойы елді мекендерді көркейту, көгалдандыру, абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарының іс-шараларын жасақтап, санитарлық талаптарға сәйкес күтіп, ұсталуын қадағалайды;
автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді:
-жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекітеді;
-автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекітеді;
коммуналдық-транспорттық, энергетикалық мекемелердің қызметіне бақылау жасайды;
жеке адамдар мен заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштері мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастырады және шешуі бойынша ұсыныс бере алады;
аудан әкімдігінің мәжілісіне қаралатын мәліметтерді дайындайды, мәліметтерді жинап сараптама жасап, аудан әкімінің өкімдері мен қаулы жобаларын дайындайды;
елді мекендерді сумен, газбен, жылумен және электроэнергиямен қамтамасыз ететін және басқа да коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын бақылайды;
әлеуметтік және әртүрлі меншік үлгісіндегі инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымдар объектілерінің, тұрғын үй-коммуналдық қорларын күтіп ұстау мен эксплуатацияға алуды ұйымдастыруға қатысады және көмектеседі;
аудан елді мекендері арасында жолаушылар қатынасын ұйымдастырады және олардың жұмыстарын бақылайды;
аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
заңнамалық белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді атқаруды қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызмет көрсетілетін тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау;
тиісті органдармен бірлесіп инженерлік құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуына және салынып жатырған құрылыс сапасына бақылау жүргізу;
тапсырыс берушілер мердігерлік ұйымдар және басқа құрылыс процесіне қатысушылар арасындағы келіспеушілікті шешуге қатысу.
құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
осы Ереже, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістермен, толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қиып өтуге және қиылысуға техникалық шарт беру және келісу;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының инженерлік коммуникация, электр және байланыс желілерімен кесіп өтуіне келісу;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойында бөлу жолағы және бөлу жолағының аумағында сыртқы жарық бағаналарын орналастыруға келісім беру;
автобекеттердің тізілімін жүргізу;
аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту;
аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту.
кәріз, су құбырлары нысандарының жөндеу жұмыстарын жүргізіп, күнделікті бақылауда ұстау;
тұрғын үйлерде жылу, энерго, газ және су ресурстарын есептейтін құралдарының бар болуын бақылау;
кондоминиум нысанындағы бөлме иелерінің жалпы қолданылатын мүліктің техникалық жағдайына, оның инженерлік құрал жабдықтарына және олардың күтімімен, жөндеу жұмыстарының қолданыстағы сәйкес уақытында жүргізілуіне бақылау жасау;
кондоминиум нысанындағы жалпы қолданылатын мүліктің күрделі жөндеудің бөлек түрлерімен орындалған жұмыстарының сапасын бақылау;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою;
су тазарту қондырғыларын сенімгерлік басқаруға беру комиссиясының жұмысына қатысады.
мемлекеттік сараптаманы республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, мемлекеттік сәулет-қала құрылыс инспекциясы жобаларымен, аудан көлеміндегі бағынышты құрылыс қызметі саласында мемлекеттік, қоғамдық, жеке мүдделерді қорғау сұрақтары бойынша лицензиялау органдарымен байланыс жасау;
бекітілген құрылыс құжаттарына сәйкес құрылыс жобаларын жүзеге асыруда құрылыс тәртібін, құрылыс салу ережесін сақтау арқылы жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын уақытылы қарауды қамтамасыз ету;
бөлімге қатысты жұмыстар бойынша аудан әкіміне, аудан әкімі жанындағы аппарат мәжілістеріне, аудан әкімдігіне, мәслихатқа мәселелер ұсыну және есеп беру;
құрылыс мөлшерлері мен ережелеріне және жобаларға сәйкес құрылыс тәртібін, жұмыс технологиясын сақтауды бақылау;
құрылыс нысандарына техникалық тапсырма, техникалық ерекшелік дайындау және құрылыс жұмысы жүргізілетін құрылыс, қайта жаңарту нысандарына тиісті мекемелерден техникалық шарттар алу; ^
қаржы тапсырысын, қаржыландыру жоспарының жобасын дайындау;
аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қою, объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;
салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
бөлім қызметкерлерінің жұмысында, олардың біліктіліктерін арттыруда тиісті кәсіби деңгейді қамтамасыз ету;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру (мақалалар жариялау, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу және т.б.);
бөлімге қатысты мәселелер бойынша бекітілген тәртіппен конференциялар, семинарлар, жиналыстар өткізуге;
құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған бірыңғай портал арқылы, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жұмыс жасау;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне тұрғын-үй инспекциясының лауазымды тұлғаларының тексеру жүргізуі болып табылады;
кондоминиум объектісінде және үй маңындағы аумақты үй-жай (пәтер) меншік, иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына;
тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс- шараларды жүзеге асыруға;
қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі,
өкілеттіктері
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату