«Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

«Махамбет аудандық  ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік

 мекемесі туралы

Ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Мекеме) Махамбет ауданы бойынша ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мекеменің мынадай ведомстволары бар:

         1) «Махамбет аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  3. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  4. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  5. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі №16.
  8. Осы Ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
  9. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
  10. Мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мекеме өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер мекеме заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.      

 

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

        

  1. Мақсаттары:

         Махамбет ауданы бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыру.

  1. Өкілеттіктері: 1) құқықтары:

1)  мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, басқа да ұйымдар және азаматтардан белгіленген тәртіппен ақпарат сұрауға, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін мәселелер дайындауға қатыстыруға, белгілі бір ұсыныстарды дайындау үшін уақытша жұмысшы тобын құруға;

2)  аудан әкіміне мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге, бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық және өзге де материалдар дайындауға;

3) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ішкі саясат саласындағы қызметін нәтижелі атқаруға тапсырма беруге, сондай-ақ атқарушы органдардың өткізетін шараларына қатынасуға;

4)  өз өкілеттілігі шеңберінде тиісті мәселелер бойынша органдар мен ұйымдар өкілдерінің жұмысын аудан әкімінің алқа мәжілісіне ұсынуға және оның орындалысы туралы аудан әкіміне хабарлама беруге;

5) жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардан, оларға қарасты кәсіпорындардан бөлімге жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпараттық-анықтамалық материалдар беруді талап етуге және алуға;

6) ведомстволардағы коммуналдық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітуге;

7)  ведомстволардағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітуге;

8) ведомстволардағы мемлекеттік органға қарасты тиісті саланың коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлкін есептен шығаруға келісуді жүзеге асыруға;

9) тиісті саладағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді, бекітуге;

10)  жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерiмен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынбағаны үшін оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға;

11) ішкі саясат саласы бойынша жоба әзірлеп, оны белгіленген тәртіппен жоғарғы органдарға ұсынуға;

12) мемлекеттік органдардан өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан өз құзыреті шеңберінде қажетті ақпараттар сұрауға және алуға құқылы.

  1. Міндеттері:

1) қоғамдық - саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды біріктіру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жылма-жылғы Жолдауы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі басымдылықтарын, мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру мен насихаттауға атсалысу;

3) аудандағы қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму үрдісін зерделеу;

4) аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру;

5)аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған сауалнамалар жүргізу;

6) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;

7)үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру;

8) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;

9) аудандағы діни ахуалды зерделеу, дінге қатысты мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын үйлестіреді;

10) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;

11)  Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;

12) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтауға міндетті;

13) осы Ережеде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

 

 

  1. Функциялары:

1) қоғамдағы демократиялық институттарды нығайтуға қатысу, Қазақстанның даму Стратегиясының, Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттау;

2) ішкі саясат, қоғамдық – саяси саласының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру мен насихаттау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіру;

3) ішкі саясат саласындағы концептуалды негіздер мен тәжірбиелі ұсыныстарды, сондай-ақ азаматтық ұқсастықты қалыптастыру, Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары негізінде ұсыныстарды өндіру;   

4) өңірде болып жатқан қоғамдық – саяси процестер мен олардың дамубарысын жан - жақты және обьективті зерделеу, қорытындылау және талдау;

5) мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік деңгейде жүзеге асыру, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің мемлекеттік тапсырысты орындау, оны өткізу бойынша үйлестіру, бұқаралық ақпарат баспа және электронды құралдардың мониторингін жүзеге асыру;

6) өңірде қоғамдық - саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтану және саясаттану зерттеулерін жүргізу;

7)бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу саласының жұмыстарын үйлестіру;

8) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу, құқық қорғау, басқа да органдармен тығыз байланыста жұмыс жасап, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдық наразылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындармен, оның ішінде, оппозициялық бағыттағылармен алдын алу жұмыстарын жүргізу;

9) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын және аудандағы қоғамдық-саяси шаралардың, атқарылған жұмыстардың ақпараттық насихатталуын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланатын мақалаларды дайындау және жариялануын қамтамасыз ету. Жарияланатын мақалаларға мониторинг жүргізу, аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс жасау;

10)мекеме, кәсіпорындардағы, мектептердегі қайырымдылық қорларының жұмыстарын жүйелеу, үйлестіру, ұйымдастыру;

11)«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңның орындалуы жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру;

12)Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттарды бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, тексеру қорытындысымен анықталған кемшіліктер бойынша әкімшілік процессуалдық істерді жүргізу, істі сотқа жолдау, сот процесінде қорғау;

13) мемлекеттік  әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру;

14) ауданда жастар саясатының жүзеге асырылуына бақылауды іске асыру;

15) саяси партиялар, ұлттық мәдени бірлестіктермен, діни және басқа да, қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асыру;

16) азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша діни салада конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлардың өткізілуін ұйымдастырады;

17) мемлекеттiк органдардың, дiни бiрлестiктердiң «Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

18) Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын бұзғандығы бойынша өтініштерді қарап, қажетті шараларды алу;

19)  бөлімнің дін бағытындағы, жастар саясатына, қоғамдық саяси ахуалға қатысты ағымдағы және болашақтағы жұмыс жоспарларын жасайды, орындалуын қамтамасыз етеді;

20) аудандық діни ақпараттық - түсіндіру топтарының жұмысын ұйымдастырады. Азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша білім беру ұйымдарында, елді мекендерде, ұжымдарда діни ақпараттық-насихаттық топтарымен ағарту, түсiндiру жұмыстарын жүргiзеді;

21)аудан аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң қызметтерін зерделейді және талдайды;

22)  аудан көлеміндегі мешіттердің, ғибадатханалардың жұмысына рейдтік шара ұйымдастырады, мониторинг жүргізеді;

23) жастар ісі жөніндегі қоғамдық бірлестіктер, ұйымдармен жұмыс, аудандағы жастар саясатын жүргізу, жастар ресурстық орталығымен тығыз байланыста жұмыс жасау, жастармен жұмысты үйлестіру;

24) аудандағы діни қоғамдық - саяси ахуалға мониторинг жүргізу.       Аудандағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау, басқа да органдармен тығыз байланыста жұмыс жасау;

25) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты тиісті деңгейде жүргізу;

26) өз құзыреті шегінде баспасөзге жазылуды ұйымдастыру, үйлестіру баспасөзге қатысты құжаттармен  жұмыс жүргізу, округтер бойынша талдау жасау, қорытындылау, ақпарат жолдау;

27) аудан әкімі жанындағы Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, аудан әкімі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын үйлестіру;

28) аудан көлеміндегі этносаралық саладағы ахуал бойынша тоқсан сайын облысқа есеп беру;

29) ардагерлер және мүгедектігі бар тұлғалардың қоғамдарымен, саяси партиялармен  жұмыс жасау;

30)жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

31) әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының жұмысын үйлестіру, тоқсан сайын комиссия отырыстарын өткізу.

32) медиация саласында жүйелі жұмыс жүргізу.

 

3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

16.Мекеме басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

  1. Мекеме бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  2. Мекеме бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) бөлімнің қызметіне басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

2) өз қызметкерлерінің құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттерін айқындайды;                                                                                 

3) Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;                                             

4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;                                                 

5) бөлімнің атынан сенім хатсыз іс-әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;                                        

6) заңнамамен белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ оларға тәртіптік шаралар қолданылады;                                       

7) бөлімге тиесілі мүлікті, қаржы қаражатын пайдалану, иелену және басқару құқығын иеленеді және қаржы тәртібінің сақталу үшін дербес жауап береді;     

8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттерді жүзеге  асырады;                                                                                                 

9) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.                                                                       

10) Мекеме бірінші басшысы  болмаған кезеңде  оның  өкілеттіктерін  қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  оны  алмастыратын  тұлға орындайды.

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

  1. Мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.            Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.                                                                                                   20. Мекемемен бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.                21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Дата публикации
13 мая 2026