«Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

«Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
бөлiмi» мемлекеттік мекемесі туралы

 ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер
  2. «Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi» (бұдан әрі-Мекеме) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. Мекеменің ведомстволары жоқ.
  4. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  5. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  6. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  7. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы
  8. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  9. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Жайық Шұғыласы газетіне 50 жыл көшесі,  №29 үй.
  11. Осы Ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. Мекеменің қызметін  қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
  13. Мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер мекеме заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаттары:

Аудан аумағында кәсіпкерлікті, қызмет көрсету саласын және ауыл шаруашылығын дамытудың  негізгі бағыттарын қалыптастыру  және іске асыру жөніндегі өкілеттіктерді  жүзеге асырады.

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

 белгіленген тәртіппен бөлімнің құзыретіне кіретін  ауданның  әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысуға;

оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша  әдістемелік материалдар мен  ұсыныстарды әзірлеуге, сондай-ақ нұсқамалар, семинарлар, кеңестер өткізуге;

белгіленген тәртіппен  жергілікті атқарушы органдарынан, мекемелері мен ұйымдардан бөлімнің өз функцияларын іске асыруға қажетті  статистикалық және  есептік деректерді, басқа материалдар мен мәліметтерді  сұратуға және алуға;

бұқаралық ақпарат құралдарына бөлімнің қызметі туралы  ақпаратты беруге;

қажет болған жағдайда кеңестер мен сарапшылар топтарын құруға құқылы.

2) Міндеттері:

ауданның өңірлік  әлеуметтік-экономикалық  даму бағдарламаларын  қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

аудан аумағында кәсіпкерліктің, қызмет көрсету саласының және ауыл шаруашылығын дамуының  жай-күйін талдау және дамуын болжау;

қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің іске асырылуына жәрдемдесу.

  1. Функциялары:

кәсіпкерліктің, қызмет көрсету саласының және сауданың  экономикалық  және  әлеуметтік дамуына жәрдемдесу;

ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында бәсекеге қабілетті жаңа технологиялар енгізуге жұмыстану;

ауданның шағын және орта кәсіпкерлік саласының  дамуын талдау және мониторингілеу;

ауданның шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне қолдау көрсету мақсатында, аудандағы қоғамдық бірлестіктермен және Махамбет аудандық кәсіпкерлік палатасымен өзара іс-қимыл жасау;

тауар өндірушілер мен кәсіпкерлерге арналған ақпараттық  жинақтар жасау, тарату;

семинарларды, көрме-жәрмеңкелерді, конкурстарды, форумдарды, бизнес кездесулерді  ұйымдастыру;

халық кәсіпшілігі және қолөнерді дамытуға  жәрдемдесу;

8) өңірлік шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

шағын кәсіпкерлік субьектілеріне  ғимараттарды, өндірістік үй-жайларды    және коммуналдық меншіктегі өзге де мүлікті жеңілдікпен беру арқылы шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын  қолдау мен дамыту жөнінде ұсыныстар береді;

сауда саласында мемлекеттік саясатын жүргізу;

кәсіпорындарға Мемлекеттік көмек бағдарламасын іске асыру бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу («Бизнестің жол картасы 2025 бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы»);

сауданы орынсыз жерлерде сатуды қадағалау;

ауданда туризм саласының дамуы бойынша жұмыстар жүргізу;

аудан аумағында туристік ресурстарды қорғау, туристік индустрия обьектілерін жоспарлау  және салу жөніндегі ұсыныстар енгізу;

аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілім жүргізу;                        сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру (мақалалар жариялау, семинарлар, дөңгелеке үстелдер өткізу және т.б.);

 «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау;

ауданда азық-түлік қауіпсіздігін және агроөнеркәсіптік кешен салаларының тұрақты дамытуды, аграрлық өндірістің аймақтық бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейіне жетуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;

әлеуеметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізу;

мал басын көбейту, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру;

аграрлық секторды басқарудың маркетингтің жүйесін жетілдіру, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілетін субсидиялардың алынуына ықпал ету, құжаттарын дайындау;

агроөнеркәсіп кешеніндегі меншіктің алуан түрлі нысандары мен шаруашылық жүргізу, жұмыс істеу жағдайларына экономикалық талдау жасау мақсатында оперативтік, статистикалық және бухалтерлік есеп алуға, оларды қаржы – экономикалық жағынан ретке салу (санация) немесе ұдайы шығынмен жұмыс істейтін шаруашылық субьектілерін тарату жөніндегі шараларға араласу;

  ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің мүдделерін қорғауда, аграрлық сектордың қызметі үшін қолайлы жағдайлар туғызуға, әсіресе селода кіші және орта бизнесті дамытуға бағытталған қаржы, кредит саясатын жүзеге асыру жөніндегі жобалық ұсыныстарды әзірлеуге ықпал жасау;

шаруашылық жүргізуші субъектілердің жерді пайдалану және оның құнарлығын сақтауына бақылау жасауға, сонымен қатар ол жөніндегі мүдделі шараларды іске асыру;

балық шаруашылығын құруға, балық шаруашылығы су көздерін ауданның табиғат пайдаланушыларына бекітіп беру;

ауданның балық, орман шаруашылығы құрылымдарының экономикалық жағдайларына сараптама жасап, ауданда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыру, қажетті жағдайда шара алу үшін аудан әкімдікке ұсыныс беру;

аграрлық  сектордың азаматтық қорғаныс, басқа да жұмылдырушылық шараларына басшылық жасау;

агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларының кәсіпорындары мен шаруашылық жүргізуші субьектілерінде өнімге қолданылып жүрген стандарттарды, технологиялық шарттарды сақтай отырып, өндірілетін, ұқсатылатын және өткізілетін ауылшаруашылық өнімдері сапасын бақылау;

шаруашылық субъектілеріндегі еңбекті қорғау, өрттен қорғану, машина–трактор паркінің техникалық жай–күйін қадағалауын жүзеге асыру;

машина-трактор паркінің техникалық пайдалану Ережелері бойынша нормативтері мен стандарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

  тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқасын беру, немесе машина кепілінің тіркелгені туралы хабарлама беру;

тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнаулы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу;

тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру мемлекеттік қызметін көрсету;

тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру; 

мемлекеттік орган жұмысының  сапасы мен өнімділігін арттыру  мақсатында оның  қызметінің бағыттары бойынша  ішкі  қаржылық бақылауды жүзеге асырады;

құқықтық қамтамасыз етудегі тапсырмалардың орындалуы  бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, нормативтік  актілер, бұйрықтар, шешімдер және құқықтық нысандағы басқа  да құжаттардың жобаларын дайындайды.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. Мекеме басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  2. Мекемесі бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңамасына сәйкес лазазымға тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. Мекеме бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) бөлім қызметін басқарады және оған жүктелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

2) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;

3) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, тәртіптік жаза қолданады;

4) қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес барлық органдарда  және мекемелерде бөлімінің атынан өкілдік  етеді;

5) аудан әкіміне бөлімнің Ережесін,  құрылымын бекітуге ұсынады;

6) бөлімінің штат кестесін  белгіленген  қызметкер санына және  төлемақы қорына  сәйкес бекітеді;

7) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлықақы беру, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

8) өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, бөлімнің қызметтік құжаттамасына, бұйрықтарына қол қояды;

9) оның құзырына  жататын басқа  мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

10) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданады және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу үшін жасалатын шараларға дербес жауапты болады.

  1. Мекеме бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкiнің болуы мүмкін.

Мекеменің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Мекемемен бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеме өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
13 мая 2026