Махамбет ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Махамбет ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 22 мамырдағы №109 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Махамбет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Махамбет ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын айқындау және бекіту туралы»;
қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сайкес айқындалсын және бекітілсін.».
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Махамбет ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру маршруттары айқындалсын және бекітілсін.»;
көрсетілген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |