Меню

Страницы

Статья

Ономастика

    Ономастика жұмысының критерийлері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 25-5 бабымен бекітілген.

    Облысымызда атау беру, қайта атау, атаулардың транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті заңнамалық нормативтік актілерде көрсетілген тәртіптер басшылыққа алынып, идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи тұлғалардың есімдерімен, жер-су атаулары және дәстүрлі атаулармен өзгерту жұмыстары жалғасуда.

    Облыс көлемінде елді мекендердің атаулары жүйелене келді. Көшелерге, мемлекеттік меншіктегі объектілерге атау бергенде ұсыныстар сараптаудан өтіп, тарихи тұлғалар мен дәстүрлі, жер-су атауларының бекітілген тізімдері басшылыққа алынады.

    2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдаймен мекенжай жүйесінде 231 әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс, қала, аудан, ауылдық округ, кент, ауыл) және 4042 ықшам аудандар, көшелер, даңғылдар, өткелдер, алаңдар, жер телімдері, елді мекендердің басқа да құрамдас бөліктері тіркелген.

    2022 жылдың 1 қаңтарына Атырау облысы бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулардың саны 147 (оның 138-і елді мекендердің құрамдас бөліктері болса, 9- әкімшілік-аумақтық бірліктер атауы). Жасақталған Жол картасына сәйкес аталған атаулар 2022-2025 жылдары қайта аталып, реттеледі.

    Көше аншлагтары мәтіндерінің жазылу тәртіптері де қадағаланып, тиісті әдістемелік көмектер көрсетіледі (мысалы, тарихи тұлғалардың есімдерінің тек аты - Бейбарыс, Махамбет, Исатай, Құрманғазы, ал қоғам және мемлекет қайраткерлерінің – Жұмекен Нәжімеденов, Сәкен Сейфуллин, Фариза Оңғарсынова, Зейнолла Қабдолов т.с.с. есімдері мен тегінің толық жазылуына мән беру) және танымал тарихи тұлғалардың есімдерін елді мекеннің құрамдас бөліктеріне, мемлекеттік меншіктегі объектілерге берген кезде олардың есімін беруге ұсынылатын көшелер мен даңғылдардың, объектілердің лайықты болуына назар аударылады.

    «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 19 бабына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физика-географиялық объектiлердiң дәстүрлi, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары мемлекеттік тілде жазылады.

    Елді мекендердің тарихи атауларын қалпына келтіру, оларды түгендеу және табылған байырғы атауларды жаңғырту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Дата публикации
09 февраля 2022
Дата обновления
09 февраля 2022
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
23 июня 2023
ономастика
Ақпарат
23 июня 2023
Тіл саясаты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы