- коммуналдық меншіктегі Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын, жиынтықталуын және оларды пайдалануды қамтамасыз етеді;
- коммуналдық меншіктегі Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын қалыптастырады, оларды сақтауды және пайдалануды ұйымдастырады;
- басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, архив ісі мен іс қағаздар жүргізудің мемлекеттік жүйесін дамытады және жетілдіреді;
- архив ісі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- облыста архив ісін дамытудың негізгі шараларының жылдық жоспарын жасайды және олардың облыстың мемлекеттік архив мекемелерімен орындалуын бақылайды;
- архив ісі және құжаттама бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын жасақтауға және әзірлеуге қатысады.
- құжаттардың тұрақты, уақытша сақталуына және аса құнды құжаттарды анықтауды, жоюды іріктеуде сараптау-тексеру комиссиясы жұмысын жүргізеді;
- Қазақстан Республикасының «Ұлттық архивтер қоры және архив туралы» Заңына сәйкес, жылма жыл Ұлттық архив қорының толықтыру және әлеуетті толықтыру көздері болып табылатын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар тізімін қалыптастырады;
- «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке, заңды тұлғалардың сұраныстарына талдау жасайды;
- қорларды есепке алу, олардың құрамы және мазмұны туралы мәліметтер бойынша сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады.