Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан РеспубликасыЗаңының 6-бабы 1-тармағы 4-6) тармақшасына,«Мемлекеттiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттіктіркеу тізілімінде №20396 тіркелген) сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
|
Облыстық мәслихаттың төрағасы |
|
М.Хайруллиев |
0
|
|
Облыстық мәслихатының 2025 жылғы «___» желтоқсандағы №___ шешіміне қосымша |
Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері
|
№ р/н |
Қалалар және елді мекендердің санаты |
Жалға алу ақысының мөлшерлемелері 1 шаршы метрге айлық есептік көрсеткіштерінде (ай сайын) |
||
|
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері |
Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері |
Археология ескерткіштері, ансамбльдер мен кешендер, киелі объектілер |
Монументтік өнер құрылыстары |
|
|
1. |
Облыстық маңызы бар қалалар |
0,8 |
0,6 |
1,0 |
|
2. |
аудандық маңызы бар қалалар |
0,6 |
0,4 |
0,8 |
|
3. |
кенттер |
0,4 |
0,4 |
0,6 |
|
4. |
ауыл |
0,2 |
0,2 |
0,4 |
Ескерту:
Коммуналдық меншіктегі жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері жалға алу ақысының мөлшерлемелерін жалға алынатын алаңның шаршы метрдегі көлеміне көбейту жолымен шығарылады.
Жалға алу ақысының мөлшерлемелері "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қалалар мен елді мекендердің санаттарын ескере отырып анықталады.
кенттер, оларға халқының саны кемінде 3 мың адам болатын елді мекендер жатады.
Халық саны кемінде 2 мың болатын, жыл сайын емделу және демалу үшін келетіндердің саны кемінде олардың жартысын құрайтын, емдік маңызы бар жерлерде орналасқан елді мекендер де кенттерге теңестіріледі. Оларға азаматтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемінде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады;
ауылдар - халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекендер.