ЖОСПАРЛЫ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША
АКТ
Атырау қаласы 20.08.2025 жыл
Біз төмендегі қол қоюшылар: комиссия төрайымы - Атырау облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы М.Б.Даулетбаева, комиссия мүшелері: Атырау облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Б.А.Искахова, басқарма қызметкері А.Ж.Ізмұханова, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының басшысы А.Құрметұлы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлім басшысы Қ.Т.Қожантаев қызмет көрсетушілер тізбесіне автоматты түрде енгізілген Атырау қаласында орналасқан ұйымдарға ағымдағы жылдың 11-15 тамыз аралығында жоспарлы мониторинг жұмыстарын жүргізді. Нәтижелері төмендегідей екендігін растап қол қоямыз:
|
№ |
Өнім берушінің атауы |
Алгоритм нормаларын бұзу деректері (болған жағдайда ашып көрсету) |
|
1 |
«Zapad Expert Traning» ЖК |
Орталық көпқабатты тұрғын үйдің цокольді қабатында орналасқан. Үйірмелер өтетін кабинеттерде табиғи жарықтандыру жоқ. Домбыра кабинеті арнайы жабдықталмаған (айна, дыбыс сіңіргіш мата жоқ). |
|
2 |
«Дархан» ЖК (Алмагул мкр. филиалы) |
Ғимарат жеңіл жөндеу жұмыстарын талап етеді. Өрт қауіпсіздігі жүйесі іске қосылмаған. |
|
3 |
«Хали» ЖК |
Қызмет көрсету талаптарына сәйкес жабдықталған . |
|
4 |
«Оразғалиева » ЖК |
Қызмет көрсету талаптарына сәйкес жабдықталған. |
|
5 |
«Жібек жолы-2» ЖК |
Би үйірмесіне қажетті құрал-жабдықтарды жаңалау, би кілемшелерін ауыстыру. Өрт қауіпсіздігі жүйелерін іске қосу.
|
|
6 |
«Ляйсан» ЖК |
Өрт қауіпсіздігі жүйелері қондырылмаған.. Ғимаратта әжетханалар бөлігін ретке келтіру .
|
|
7 |
«Құралай» арт студиясы ЖК |
Өрт қауіпсіздігі жүйелері іске қосылмаған. |
|
8 |
«Art Life» ЖК (Бірлік ауылындағы филиалы) |
Домбыра үйірмесі кабинетін айна, пюпитрмен жабдықтау. Домбыра кабинетінің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру қажет.
|
|
9 |
«SN» өнер орталығы ЖШС |
Ғимарат жеңіл жөндеу жұмыстарын талап етеді. Домбыра кабинетінің қабырғасына айна, дыбыс сіңіргіш мата ілу, сурет және кескіндеме үйірмесінің кабинеті толық жабдықталмаған. |
|
10 |
«Жас Дарын» ЖК |
Домбыра кабинетінің қабырғасына айна орнату. |
|
11 |
«Әдемі Сервис » ЖК |
Домбыра кабинетін арнайы жабдықтау, қабырғасына айна, дыбыс сіңіргіш мата ілу. Ғимаратта әжетханалар бөлігін ретке келтіру .
|
|
12 |
«Берен» ЖК |
Ғимаратқа жеңіл жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Сурет үйірмесі кабинеті толық жабдықталмаған.
|
|
13 |
«Сегизбаев» өнер орталығы ЖК (Азаттық даңғ. филиалы) |
Домбыра,вокал кабинеттерінің қабырғасына айна, дыбыс сіңіргіш мата ілу, домбыра, сурет кабинеттерінің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру қажет.
|
|
14 |
«Бектемісқызы» ЖК |
Сурет кабинетін қажетті құралдармен толықтыру қажет. Желдету жүйесі орнатылмаған. |
|
15 |
«Жұмағалиева» ЖК |
Ғимарат барлық талаптарға сәйкес келеді.
|
|
16 |
«Орда Сұлтан» ЖК |
Ғимарат жеңіл жөндеу жұмыстарын талап етеді. Би үйірмесіне қатысатын балаларға арналған арнайы шкафтармен қамтамасыз етілген бөлме жоқ. Ересек балаларға арналған әжетхана жоқ. |
|
17 |
«Stylemix» ЖК |
Ғимарат жөндеу жұмыстарын талап етеді. Домбыра, вокал бөлмелері кабинеттері қажетті құралдармен жабдықталмаған.
|
|
18 |
«Жұлдыз» ЖК (Атырау қаласы) |
Өрт қауіпсіздігі жүйелері жасалынбаған. Сабақ өткізетін кабинетінің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру қажет. |
|
19 |
«Елешева» ЖК |
Өрт қауіпсіздігі жүйелері жасалынбаған. Бейне бақылау жүйесі 30 күндік сақтау мерзімімен қамтамасыз етілмеген. Сабақ өткізетін кабинеттердің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру қажет. Үйірме кабинеттері қажетті құралдармен толық жабдықталмаған.
|
|
20 |
«Сегизбаев» ЖК (Каспий мкр. 22 «а» филиалы) |
Сабақ өткізетін кабинеттердің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру қажет.
|
|
21 |
«Кисикбасова» ЖК
|
Домбыра, сурет және кескіндеме кабинеттері қажетті құралдармен жабдықталмаған. Домбыра кабинетінің қабырғасына дыбыс сіңіргіш мата, айна орнатылмаған. Сабақ өткізетін кабинетінің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру қажет.
|
|
22 |
«Vero Modelz» ЖК |
«Vero Modelz» өнер орталығы 3 қабатты ғимараттың 1 бөлмесін жалға алып отыр. Орталықтың балаларына арналған арнайы әжетхана жоқ. Өрт қауіпсіздігі жүйелері жасалынбаған. Визаж, грим және дефиле үйірмелеріне қатысты толық жабдықталуды талап етіледі. Үйірме өтетін кабинетке 30 күндік сақтау мерзімі бар камера орнатылған, бірақ іске қосылмаған.
|
|
23 |
«ART Life»ЖК (Ақсай ауылындағы филиалы) |
Өрт қауіпсіздігі жүйелері іске қосылмаған. Домбыра кабинетінің қабырғасына айна орнату қажет. |
|
24 |
«Жібек жолы-3» ЖК |
Ғимарат жөндеу жұмыстарын талап етеді. Өрт қауіпсіздігі жүйелерін іске қосу қажет. |
|
25 |
«Хосжанова»ЖК (Жаңаталап ауылындағы филиалы) |
Ғимаратты эвакуациялау жоспары жоқ. Би залына станок орнату . |
|
26 |
«Айару» ЖК (Нұрсая шағ.ауд.) |
Өрт қауіпсіздігі жүйелері жасалынбаған. Домбыра, сурет кабинеттері қажетті құралдармен жабдықталмаған. Сабақ өткізетін кабинетінің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру қажет.
|
|
27 |
«Еркемай » ЖК (Құлманов көшесіндегі филиалы) |
Ғимарат барлық талаптарға сәйкес келеді.
|
|
28 |
«Еркемай » ЖК
|
Үйірме кабинеттерін арнайы құралдармен толықтырып, жасына қарай сәйкестендіру. |
|
29 |
«Дети будущее страны» ЖК |
Өрт қауіпсіздігі жүйелері орнатылмаған. Ғимаратты эвакуациялау жоспары жоқ. Топтағы бала санына сәйкес шкаф орнатылмаған. |
|
30 |
«Райгул»ЖК |
Үйірме өткізетін кабинеттердің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру қажет. 30 күндік сақтау мерзімі бар камера қондырылмаған. Би және сурет үйірме кабинеттері арнайы құралдармен толықтырып, жасына қарай сәйкестендіру. Желдету жүйесі қондырылмаған.
|
|
31 |
«Мустафина»ЖК |
Домбыра кабинетінің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіріп, қажетті құралдармен жабдықтау қажет. Ғимараттағы тоқ жүйелерінің тозығы жеткен.
|
|
32 |
«Сенім »ЖК |
Домбыра мен сурет кабинеттерінің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру. Үйірме кабинеттерін толық жабдықтау. Домбыра кабинетіне айна, дыбыс сіңіргіш мата ілу. |
|
33 |
«Art life» ЖК (Ақсай ауылындағы филиалы) |
Өрт қауіпсіздігі жүйелері іске қосылмаған. Домбыра кабинетіне айна қондырылмаған. |
|
34 |
«Хадырова » ЖК (Алға ауылындағы филиалы) |
Ғимараттың эвакуациялау жоспары жоқ. |
|
35 |
«West 666» (Өрлік ауылындағы филиалы) |
Домбыра кабинетіне бейнебақылау камерасын орнату қажет . |
|
36 |
«Хадырова» ЖК (Таңдай ауылындағы филиалы) |
Өрт қауіпсіздігі жүйелері жасалынбаған. Ғимараттың эвакуациялау жоспары жоқ. |
|
37 |
«АКС 666» ЖК (Доссор кентіндегі филиалы) |
Домбыра кабинетіне 30 күндік сақтау мерзімі бар камера орнату керек. Домбыра мен сурет үйірмелері өткізетін кабинеттердің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру. Домбыра кабинетінің қабырғасына айна, дыбыс сіңіргіш мата ілу. |
|
38 |
«Елешева» ЖК |
Үйірмелер өтетін кабинеттерде 30 күндік сақтау мерзімі бар камера орнатылмаған. Үйірме кабинеттері арнайы құралдармен жабдықталмаған. Үйірме өткізетін кабинетінің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру керек. |
|
39 |
«Айару» ЖК |
Домбыра,вокал кабинетінің қабырғасына айна, дыбыс сіңіргіш мата ілу. Өрт қауіпсіздігі жүйелері жасалынбаған. Үйірме өткізетін кабинетінің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру. |
|
40 |
«Маржан» ЖК |
Қызмет көрсету талаптарына сәйкес . |
|
41 |
«Еркемай» ЖК (Әл-Фараби атындағы Бином мектебіндегі филиалы) |
Домбыра кабинетінің қабырғасына дыбыс сіңіргіш мата ілу. |
|
42 |
«Шегенбаева»ЖК |
Қызмет көрсету талаптарына сәйкес жабдықталған . |
|
43 |
«Profi Consulting Group» ЖК |
Өрт қауіпсіздігі жүйелері жасалынбаған. Ғимараттың эвакуациялау жоспары жоқ. Электр жүйелерінің қауіпсіздігі сақталмаған. |
|
44 |
«Арын»ЖК |
Қызмет көрсету талаптарына сәйкес жабдықталған. |
|
45 |
«Хадия» ЖК |
Ғимараттың эвакуациялау жоспары жоқ. Үйірме өткізетін кабинеттің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру керек. Домбыра және дәстүрлі вокал кабинетінің қабырғасына айна, дыбыс сіңіргіш мата ілу қажет. |
|
46 |
«Жұлдыз» ЖК (Сарайшық ауылы) |
Ғимараттың сыртқы қасбетіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, ескірген баннерді алып тастау керек. Ғимараттың өрт қауіпсіздігіне арнайы эвакуациялау жоспары жоқ. Домбыра кабинетінің қабырғасына дыбыс сіңіргіш мата ілінбеген. |
|
47 |
«Хосжанова»ЖК (Талдыкөл ауылындағы филиалы) |
Өнер орталығы ауылдық клубтың ішінде орналасқан. Би залы арнайы жабдықталмаған (қабырғада айна, станок жоқ). |
|
48 |
«Асия» ЖК |
Ғимарат өте ескі. Санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Үйірме өткізетін кабинетінің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру қажет. Домбыра кабинетінің қабырғасына айна, дыбыс сіңіргіш мата қондырылмаған. Кәсіпкерге басқа ғимаратқа көшу талабы ұсынылды. |
|
49 |
«Ақжол» ЖК (Х.Ерғалиев ауылындағы филиалы) |
Ғимараттың эвакуациялау жоспары жоқ. Өрт қауіпсіздігі жүйелерін ретке келтіру. |
|
50 |
«Жайдарлым» ЖК (Ақкөл ауылы) |
Үйірме өте ескі ғимаратта орналасқан, санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Би үйірмесі кабинеті жабдықталмаған. |
|
51 |
«Жайдарлым» ЖШС (Дыңғызыл ауылындағы филиалы) |
Үйірме кабинетін арнайы құралдармен толықтырып, домбыра кабинетінің қабырғасына айна,дыбыс сіңіргіш мата ілу қажет. Желдеткіш орнатылмаған. |
|
52 |
«Кемелов»ЖК (Жыланды ауылындағы филиалы) |
Ғимарат жеңіл жөндеу жұмыстарын талап етеді. Үйірме өткізетін кабинетінің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру. Би үйірмесінің кілемшелерін жаңалау керек. Үйірме өтетін кабинетке 30 күндік сақтау мерзімі бар камера орнатылмаған. |
|
53 |
«Кемелов»ЖК (Д.Нұрпейсова мектебі Жыланды ауылы) |
Үйірме өтетін кабинетке 30 күндік сақтау мерзімі бар камера орнатылмаған. Үйірме кабинеттерін арнайы құралдармен жабдықталмаған. |
|
54 |
«Хосжанова» ЖК (Шортанбай ауылындағы филиалы) |
Үйірме өткізілетін кабинеттерде 30 күндік сақтау мерзімі бар камера орнатылмаған. Балаларға арналған киім шкафтарымен жабдықталған бөлме жоқ. Би үйірмесінің кілемшелерін жаңарту керек. Домбыра кабинетінің қабырғасына айна, дыбыс сіңіргіш мата ілу. |
|
55 |
«Кемелов » ЖК (Бөкейхан ауылындағы филиалы) |
Үйірме Бөкейхан ауылындағы апатты жағдайдағы мәдениет үйінің ішінде өткізіліп келген. Кәсіпкерге басқа ғимаратқа көшу ұсынылды. |
|
56 |
«Кемелов» ЖК (Сафон ауылындағы филиалы) |
Үйірме өтетін кабинетке 30 күндік сақтау мерзімі бар камера орнатылмаған. Домбыра кабинетінің қабырғасына айна, дыбыс сіңіргіш мата ілу. Үйірме кабинеттері толық жабдықталмаған. |
|
57 |
«Жайдарлым» ЖШС (Абай, 50 филиалы) |
Үйірме кабинеттері толық жабдықталмаған. Би кілемшелері жоқ. |
|
58 |
«Хосжанова» ЖК (Абай 17, филиалы) |
Ғимарат жеңіл жөндеу жұмыстарын талап етеді. Үйірме өткізетін кабинетінің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру. Өрт қауіпсіздігі жүйелері жасалынбаған. Үйірме өтетін кабинетке 30 күндік сақтау мерзімі бар камера орнатылмаған. Үйірме кабинеттері толық жабдықталмаған. |
|
59 |
«Назерке»ЖК (Алға ауылындағы филиалы) |
Үйірме өтетін кабинетке 30 күндік сақтау мерзімі бар камера орнатылмаған. Үйірме кабинеттері толық жабдықталмаған. |
|
60 |
«Кемелов» ЖК (Нұржау ауылы ) |
Үйірме кабинеттері толық жабдықталмаған. Би залына айна, станок керек. Балаларға арнайы шкафтармен қамтылған бөлме жоқ. |
|
61 |
«Талант»ЖК (Нарын ауылы) |
Қызмет көрсету орынның арнайы кабинеті жоқ. Домбыра кабинетінің қабырғасына айна, дыбыс сіңіргіш мата ілу. |
|
62 |
«Шабыт» ЖК (Жанбай ауылы) |
Үйірме өткізетін кабинетінің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру. Домбыра кабинетінің қабырғасына айна, дыбыс сіңіргіш мата ілу. Желдеткіш орнатылмаған. Домбыра кабинеті жабдықталмаған. Пюпитр жоқ. |
|
63 |
«Талант» ЖК (Аққыстау ауылы ) |
Өрт қауіпсіздігі жүйелері іске қосылмаған. Домбыра кабинетінің қабырғасына айна, дыбыс сіңіргіш мата ілу. |
|
64 |
«Кемелов» ЖК (Аққыстау ауылы ) |
Ғимарат жөндеу жұмыстарын талап етеді. Өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Үйірме өтетін кабинетте 30 күндік сақтау мерзімі бар бейнежазба сақталмаған. Сурет үйірмесі кабинеті толық жабдықталмаған. Үйірме өткізетін кабинетінің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру керек. Балаларға арналған орталықтың жеке әжетханасы жоқ. |
|
65 |
«Ақжол» ЖК Тұщықұдық ауылы |
Үйірме өткізетін кабинетінің ауданын 1 балаға 2,5 шаршы метрге сәйкестендіру. Өрт қауіпсіздігі жүйелерін іске қосу. Домбыра кабинетінің қабырғасына айна, дыбыс сіңіргіш мата ілу.
|
|
66 |
«Назерке» ЖК (Хиуаз ауылындағы филиалы) |
Домбыра кабинетінің қабырғасына айна. дыбыс сіңіргіш мата ілу керек. Жеке шкафтармен қамтылған шешіну бөлмесі жоқ. Үйірме кабинеттері толық жабдықталмаған. 30 күндік сақтау мерзімі бар камера орнатылмаған. |
|
67 |
«Юные таланты» ЖК |
Бұл кәсіпкерде ваучер жоқ. Ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Үйірме кабинеттері жабдықталмаған. 30 күндік сақтау мерзімі бар камера орнатылмаған. |
|
68 |
«НАЗ» ЖК |
Бұл кәсіпкерде ваучер жоқ. Үйірме өткізетін ғимараты да жоқ. Өнім берушілер қатарынан шығарылады. |
|
69 |
«AKС 666» ЖК (Сағыз ауылы) |
Ғимаратқа жеңіл жөндеу жұмыстарын жүргізу. Домбыра кабинетіне дыбыс сіңіргіш мата ілу. Пюпитрлар санын көбейту. |
|
70 |
«Еркемай» ЖК (Химпоселок ш/а филиалы) |
Би залына би станоктарын орнату қажет. Ғимаратқа шығармашылық үйірмеге қатысты баннер орнату |
|
71 |
«Жайдарлым» ЖК (Үштаған ауылы) |
Үйірмелер мектеп ғимаратында өткізіледі. Үйірме өткізетін кабинеттер қызмет көрсету түріне сай жабдықталмаған. 30 күндік сақтау мерзімі бар камера орнатылмаған. |
|
72 |
«Жайдарлым» ЖК (Сүйіндік ауылы) |
Үйірмелер мектеп ғимаратында өткізіледі. Үйірме өткізетін кабинеттер қызмет көрсету түріне сай жабдықталмаған. 30 күндік сақтау мерзімі бар камера орнатылмаған. |
|
73 |
«Кемелов» ЖК (Көптоғай ауылы) |
Үйірмелер мектеп ғимаратында өткізіледі. Үйірме өткізетін кабинеттер қызмет көрсету түріне сай жабдықталмаған. 30 күндік сақтау мерзімі бар камера орнатылмаған. |
Комиссия құрамы:
1)___________________________ комиссия төрағасы
2) ___________________________ комиссия мүшесі
3) ___________________________ комиссия мүшесі
4) ___________________________ комиссия мүшесі
5) ___________________________ комиссия мүшесі