Мақат ауданы әкімдігінде мемлекеттік тіл саясаты саласы бойынша нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер мен толықтыруға қатысты түсінік жұмыстарын өткізу жөніндегі көшпелі семинар өтті.
Көшпелі семинарға кент, округ әкімдері мен мамандары, салаға қатысты дербес бөлім басшылары, аудан кәсіпкерлері мен ардагерлер қатысты.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Әсел Қаржауова төрағалық еткен жиында Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы ономастика және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Қуаныш және бөлімнің бас маманы Заманбек Шакиров аталған тақырып бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.
Жиында аудан аймағында мемлекеттік тілді құрмет тұтып, жалпы қоғам азаматтарына тілді сыйлау, дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар өз жалғасын табатындығы айтылды.
Жиын соңында қатысушылар заңға сәйкес сауалдары мен ұсыныстарын білдірді.