Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Тіл оқу-әдістемелік орталығы" "Атырау" Әлеуметтік Кәсіпкерлік корпарациясы" АҚ қызметкерлерімен "Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу" тақырыбында семинар-тренинг жұмысын бастады.
Семинардың мақсаты – қатысушылардың мемлекеттік тілдегі ресми-іскери құжаттарды сауатты, нормативтік талаптарға сәйкес рәсімдеу дағдыларын қалыптастыру, іс жүргізу мәдениетін жетілдіру, практикалық машықтарын дамыту.
Бұл семинар барысында тыңдаушылар теориялық мәліметтермен қатар, нақты құжат түрлерімен жұмыс істеу арқылы тәжірибелік тапсырмалар орындап, кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алуда.