Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) теңгеріміндегі мүліктерді түгендеу жұмыстары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Атырау қаласы 2024 жылғы 26 – 30 мамыр
Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының (әрі қарай – Басқарма) 2025 жылғы 14 мамырдағы №14 бұйрығы негізінде 2025 жылдың 26-30 мамыр аралығында Басқарманың экономика және қаржы бөліміндегі мүліктерді түгендеу бағытына ( бұдан әрі –Көрсету қызметі) жұмысына ішкі талдау жүргізілді.
Талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) Қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы зерделенді.
2025 жылдың 1 қаңтарымен 31 май аралығында Басқарма теңгеріміндегі мүліктердің есебі бойынша, 224 дана мүлік (кеңсе жиһаздары, дербес комьпютерлік құралдар т.б) және 2 қызметтік пәтер тіркелген. Басқарманың теңгеріміндегі мүліктерге зерделеу жүргізу барысында тозығы жеткен және қалдық құны жойылған мүліктер қолданыстағы заңнама талаптыры негізінде есептен жылма жыл шығарылып отырғандығы анықталды.
Осыған байланысты, заң талаптары арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыратын жағдайлар байқалмады.
2) Басқарманың теңгеріміндегі мүліктерін түгендеу жұмыстарын жүргізуге және есепке алуға Басқарманың экономика және қаржы бөлімінің бас маманы жүзеге асырады.
|
Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы |
А.Жоламанов _______________ |
|
Мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы (ішкі талдау жүргізуге жауапты тұлға) |
А.Жылқыбекұлы _______________ |
|
Таныстырылды: |
|
|
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы |
Н.Есимова _______________ |
|
|