2025 жылға іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік гранттық тапсырысқа ұсынылатын жобалар туралы

2025  жылға іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік гранттық тапсырысқа ұсынылатын жобалар  туралы ақпарат

 

№

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама атауы

Жоспарланған сомасы (мың теңге)

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қысқаша мазмұны

1

№ 015-169

«Өзге де ағымдағы шығындар»

Атырау облысында  ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жүрген азаматтар үшін қолөнер мен  көркем шығармашылық секцияларын ашу

11 700,0

Атырау облысында ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтардың уақытын мәдени-тиімді өткізу. Өнер мен кәсіптің белгілі бір түрлеріне бейімділігін қалыптастыру және арттыру. Сондай-ақ, жазасын өтеушілер арасында эстетикалық тәрбие жұмыстарын жүргізу.

2

№ 015-169

«Өзге де ағымдағы шығындар»

«Креативті кадр» - Атырау облысының елдімекендерінің тыныс-тіршілігінен   фото-конкурс

11 000,0

Атырау облысындағы кәсіби және әуесқой фотографтарды қолдау, олардың шығармашылығын дамыту, өлке табиғатын, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау.

3

№ 015-169

«Өзге де ағымдағы шығындар»

Республикалық жас ақындар айтысы

11 700,0

Жас ақындар айтысын ұйымдастыру арқылы ұлттық мәдениет насихатталады. Жастар халық мұрасын тереңінен түсініп, ұлттық бірегейліктің нығайуына үлес қосады. Айтыс өнері арқылы қазақ тілінің мәртебесі көтеріледі.

4

№ 015-169

«Өзге де ағымдағы шығындар»

«Киелі мекен» - тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау клубы

11 000,0

«Киелі мекен»  жобасын жүзеге асыру арқылы жастар мен жергілікті тұрғындардың тарихи мұраға деген қызығушылығы артады, мәдени құндылықтарды қорғауға деген жауапкершіліктері күшейеді. Клуб мүшелері ескерткіштерді тазалап, күтіп-баптау арқылы олардың ұзақ мерзімге сақталуына үлес қосады.

 

5

№ 015-169

«Өзге де ағымдағы шығындар»

«Legacy»  Атырау облысының тарихи-мәдени мұрасы туралы бейнероликтер циклі

11 000,0

«Legacy»  жобасы арқылы Атырау облысының мәдени-тарихи мұрасын кеңінен насихаттау, ішкі туризмді дамыту, өңірдің мәдениеті мен тарихына деген қызығушылықты арттыру. Сапалы бейнеконтент арқылы Атырау өңірінің тарихи-мәдени  нысандары бүкіл Қазақстан аумағына насихатталады.

6

№ 015-169

«Өзге де ағымдағы шығындар»

«Жайық жырлайды» қазақ поэзиясының құндылығын насихаттауға арналған іс-шаралар кешені

11 000,0

«Жайық жырлайды» іс-шаралар кешенін өткізу арқылы ұлттық әдеби мұра дәріптеліп, өскелең ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығы артады. Шараның мақсаты - рухани құндылықтарды сақтау, жас таланттарды қолдау, ұлттық бірегейлікті нығайту және әдеби мұраны жаңғырту болып табылады.

7

№ 015-169

«Өзге де ағымдағы шығындар»

«ТАНЫМ»  ұлттық құндылықтарды, материалдық емес мәдени мұраны  насихаттауға арналған  байқау

11 000,0

Атырау қаласында 3 ай бойы өткізілетін «ТАНЫМ» мәдени іс-шарасы арқылы ұлттық құндылықтар мен материалдық емес мәдени мұраға деген қоғамның қызығушылығы мен құрметі артады. Балалар мен жастардың бойында  рухани құндылықтар қалыптаса отырып, олардың шығармашылық әлеуеті артады.

«ТАНЫМ» жобасы 12 апта бойы саябақтарда, ашық алаңдарда, халық көп жиналатын орындарда, музейде ұйымдастырылады.

8

№ 015-169

«Өзге де ағымдағы шығындар»

«Zero Waste» (Қалдықсыз)  қолөнершілер көрме-байқауы

10 000,0

«Zero Waste» (Қалдықсыз)  қолөнершілер көрме-байқауын өткізу арқылы қоғамда қалдықтарды қайта өңдеу және қалдықсыз өндіріс идеяларының кеңінен насихатталуы нәтижесінде экологиялық мәдениетіміз артады. Қолөнершілер қалдық материалдарын пайдалана отырып, жаңа, креативті өнімдер жасап шығарады. Ұлттық қолөнер дәстүрлерін жаңғырту және дамыту арқылы мәдени мұраның сақталуына үлкен үлес қосылады

9

№ 015-169

«Өзге де ағымдағы шығындар»

«Адалдық жаршысы» республикалық жазба ақындардың жабық мүшайрасы

11 700,0

«Адалдық жаршысы» республикалық жазба ақындардың жабық мүшайрасын өткізу арқылы қоғамда адалдық, парасаттылық және әділдік құндылықтары насихатталады.

Мүшайраға 18-45 жас аралығындағы жазба ақындар қатысады. Бұл байқау арқылы жас ақындарды шығармашылыққа баулу, олардың азаматтық позицияларын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғамдық сананы жұмылдыру көзделеді.Конкурс поэзия арқылы халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, жастардың әділдік пен тазалыққа деген көзқарасын нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, дарынды ақындарды анықтап, олардың шығармаларын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Жалпы соммасы (мың теңге)

100 100,0

 

Дата публикации
17 марта 2025