МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРЫС БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ОФЕРТА

МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРЫС БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ОФЕРТА

 

Атырау қаласы

№ 5

«1» қаңтар  2025 ж.

 

«Атырау облысы Мәдениет және тілдерді басқармасы» ММ-нің Ережесі негізінде әрекет ететін басқарма басшысы Ә.Т.Жоламановтың атынан бір тараптан (Бұдан әрі-Тапсырыс беруші) және Жарғы негізінде әрекет ететін _______________________________ (бұдан әрі – Жеткізуші) _________________ атынан екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар", ал жеке «Тарап» деп аталатындар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі негізінде (395 бап) төмендегі туралы осы шартты жасасты.

Осы ұсыныс мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруға қатысуға  өтініш беру толық және сөзсіз қабылданатын (акцепт) шарты саналатын жария оферта (бұдан әрі – «Шарт») болып табылады.

 

  1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

 

1.1. Жеткізуші Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің              2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру Қағидасы) қарастырылған шарттарға және талаптарға сәйкес мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша Қызмет көрсетуге (бұдан әрі – Қызмет), ал Тапсырыс беруші көрсетілген Қызметті қабылдауға және Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісті орындаған жағдайда осы Шарттың талаптары бойынша ол үшін ақы төлеуге міндеттенеді:

«Бағдарламаның коды және атауы» бюджеттік бағдарламасы, «Кіші бағдарламаның коды және атауы» кіші бағдарламасы, «Ерекшеліктің коды және атауы» ерекшелігі – «Ерекшелік бойынша сома» (ерекшелік бойынша соманы сөздермен жазу) теңге, соның ішінде <ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге /<ҚҚС есептеусіз>.

  • Қызмет көрсету мерзімі 2025 жылдың «1» қаңтарынан  2025 жылдың  31 желтоқсанына дейін.

 

  1. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ

 

2.1. Қызметтер Жеткізушімен Жеткізушінің ақпараттық жүйесінде көрсетілген шығармашылық секциялардың түрлері бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру Қағидасының 3 тарауына сәйкес көрсетіледі.

 

  1. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

 

3.1. Жеткізуші міндеттенеді:

3.1.1. Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру Қағидаларына және осы Шарттың талаптарына сәйкес Қызмет көрсету;

3.1.2. сабақ жүргізу үшін қажетті мүкәммалдың, материалдар мен жабдықтардың, оқу құралдарының, әдістемелік әдебиеттің қолда болуы; 

3.1.3. тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3.1.4. тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің қауіпсіз жағдайын жасау;

3.1.5. тәрбиеленушілер мен олардың заңды өкілдерінің құқықтары мен еркіндіктерінің сақталуын қамтамасыз ету; 

3.1.6. сабақ өткізуге арналған жайды бейнемұрағаты 30 күнтізбелік күннен кем емес сақтау мүмкіндігімен дұрыс жұмыс істейтін бейнебақылау камерасымен қамтамасыз ету; 

         3.1.7. біліктілік іріктеуден өтпеген және (немесе) Жеткізуші мемлекеттік шығармашылық тапсырысқа қатысуға өтінім беруде олар туралы ақпарат ұсынбаған және (немесе) олар туралы мәліметтер ақпараттық жүйеде болмаған тұлғаларға балалармен сабақ жүргізуге рұқсат етпеу; 

3.1.8. сотталған, психикалық, наркологиялық және туберкулездік есепте тұрған, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша мамандандырылған оқудан өтпеген  тұлғаларға балалармен сабақ жүргізуге рұқсат етпеу;  

3.1.9. денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының әдістемелік ұсыныстарын, нұсқауларын және хаттарын орындау;

3.2.10. мемлекеттік құқық қорғау және бақылау органдарының ұйғарымдарын (өзге де актілерін) осы ұйғарымдарда (өзге актілерде) көрсетілген мерзімдерде орындау;  

3.1.11. ваучердің қолданыс мерзімі ішінде баланы шығармашылық секцияға есепке алу жөнінде заңды өкілмен келісімшарт жасасу; 

3.1.12. Жеткізушімен ақпараттық жүйеде мәлімделінген шығармашылық секциялардың әр түрі бойынша күнтізбелік жылға жұмыс жоспарын құру және онымен әр баланың заңды өкілін таныстыру;

3.1.13. мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру Қағидасының 31 тармағына сәйкес әр бала бойынша портфолио жүргізу;

3.1.14. шығармашылық секцияның әр түрі бойынша әр баланың қатысуын есепке алу  (табель);

3.1.15. баланың секциялар мен/немесе үйірмелерге қатысуын QR код , Face ID технологиясын қолдана отырып баланы жеке сәйкестендіру арқылы немесе ата-ананың баланың сабаққа қатысуын есепке алу электронды құжатына (табель) қол қою арқылы қамтамасыз ету (тапсырыс берушінің таңдауы бойынша);

3.1.16. есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей, ай сайын Тапсырыс берушіге мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың орындалуы туралы электрондық есеп жолдау;

3.1.17. шығармашылық секцияларда босаған орындар фактісі бойынша Тапсырыс берушіге бос орындар туралы мәліметтерді уақытылы беру;

3.1.18. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 121 бұйрығымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық секцияларды жан басына нормативтік қаржыландыру Қағидасымен» (бұдан әрі – адам басына қаржыландыру Қағидасы) қарастырылған мерзімде осы Шарттың 5.1. тармағымен қарастырылған құжаттар мен есепті Тапсырыс берушіге жолдау және веб-порталда көрсетілген қызмет актісін орналастыру, сондай-ақ Тапсырыс берушінің ескертулерімен жұмыс істеу;

3.1.19. Тапсырыс берушіге қызмет көрсету барысы туралы кез-келген ақпаратты оның сұранысы бойынша беру.

3.2. Тапсырыс беруші міндеттенеді:

3.2.1. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін тәсілдермен мемлекеттік шығармашылық тапсырыс шеңберінде бөлінетін бюджеттік құралдардың Жеткізушімен мақсатты пайдаланылуына, сондай-ақ мемлекеттік шығармашылық тапсырыс алудың шарты болып табылатын талаптардың орындалуына бақылау жүргізу; 

3.2.2. көрсетілетін қызметтерді берушінің мемлекеттік шығармашылық тапсырыс беруіне байланысты есепке алу және өзге де процестерді цифрландыруға, мұндай процестерді, оның ішінде бірыңғай регламенттерді, құжаттама нысандарын, шарттарды, әдістемелерді, есептілікті, стандарттарды және уақтылы және объективті ақпарат алу үшін пайдаланылатын құралдарды, мемлекеттік шығармашылық Тапсырыс қызметтерін ұсынудың сапасы мен тәртібін енгізу арқылы типтеуге;

3.2.3. осы Шартпен және жан басына қаржыландыру Қағидаларымен белгіленген тәртіпте және мерзімде ақы төлеу;

3.2.4. Қызметтерді қабылдауда веб-портал арқылы көрсетілген қызметтер актісін бекіту немесе жан басына қаржыландыру Қағидаларымен белгіленген мерзімдерде оны қабылдамаудың дәлелді негіздемесін көрсетіп, қабылдаудан бас тарту;

         3.2.5. көрсетілген қызметтер актісі бекітілгеннен кейін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінен  электрондық түрдегі шот-фактураны жазып алу Қағидаларына сәйкес Жеткізушімен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып алынған шот-фактурасын қабылдау;

3.2.6. қызмет көрсету үшін Жеткізушіге барлық қажетті ақпаратты уақытылы беру;

3.2.7. Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңымен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, «damubala.kz» ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізуде баладан, оның заңды өкілдерінен және Жеткізушіден алынған ақпараттың құпиялығын сақтау;  

3.2.8. мемлекеттік тапсырыс рәсімін орындау барысында жиналатын мәліметтердің «damubala.kz» ақпараттық жүйесінің серверлерінде және шынында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының Бірыңғай көлік ортасының ішкі периметрінде орналасқан ақпарат таратушыларында сақталуын қамтамасыз ету; 

3.2.9. «damubala.kz» ақпараттық жүйесінде қызмет көрсетуге, соның ішінде олардың өзгертілуімен және тоқтатылуымен байланысты ресми хабарламаларды жариялау. 

 

  1. ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚҰНЫ

 

4.1. Есепті кезеңде Жеткізушімен балаларға көрсетілген қызметтер құнының есебі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 119 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына нормативтік қаржыландыру Әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) және жан басына қаржыландыру Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

4.2. Төлем сабақтарға қатысқан немесе оларды себепті жағдайлар бойынша өткізіп жіберген балаларға Әдістеменің талаптарына сәйкес нақты көрсетілген қызмет үшін жасалады.

4.3. Жеткізушінің есепшотына қызметтерге қолма-қол ақшасыз аудару арқылы төлем Тапсырыс берушімен өкілетті органның цифрландыру саласындағы ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) орналасқан төлеуге берілетін шот негізінде жүзеге асырылады. 

 

  1. ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ

 

5.1. Жеткізуші есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей ай сайын Тапсырыс берушіге мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың орындалуы туралы   электрондық есеп (бұдан әрі – электрондық есеп) жолдайды. 

Электрондық есептің ішіне барлық балалар топтарына қатысудың электрондық табельдері және жан басына қаржыландыру Қағидаларымен қарастырылған әр баланың себепті жағдай бойынша өткізген сабақтарын растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері кіреді. 

5.2. Жеткізуші электрондық есеп бергеннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Тапсырыс беруші жан басына қаржыландыру Қағидаларына сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады. 

5.3. Ұсынылған электрондық есеп жан басына қаржыландыру Қағидаларының 5 және 6 тармақтарымен қарастырылған талаптарға сәйкес болған жағдайда Жеткізушіге көрсетілген қызмет үшін ақы есепті кезеңнен кейінгі айдың 18 күніне дейін төленеді.

 Ұсынылған электрондық есептің жан басына қаржыландыру Қағидаларының 5 және 6 тармақтарымен қарастырылған талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Тапсырыс беруші ол түскен күннен бастап, 2 (екі) жұмыс күні ішінде Жеткізушіге электрондық есепті өңдеуге қайтарады. 

Жеткізуші анықталған сәйкессіздіктерді жояды және Тапсырыс берушіден электрондық есепті өңдеу туралы хабарлама алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге электрондық есепті қайта жолдайды. 

Жеткізушіге ақы электрондық есеп өңделгеннен, сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде төленеді. 

5.4. Жеткізуші өткен есепті кезеңдерде, алайда, жан басына қаржыландыру Қағидаларының 8 тармағының 1) және 2) тармақшаларымен қарастырылған ағымдағы есепті кезеңге қатысты баланың себепті жағдай бойынша сабаққа қатыспауын растайтын құжаттарды 3 (үш) айдан кешіктірмей берген жағдайда, Тапсырыс беруші қайта есептеу және төленетін сомаға қосымша есептеу жүргізеді.  

5.5  Жеткізуші мен Тапсырыс берушінің желтоқсандағы өзара есептесуін Тапсырыс беруші жан басына қаржыландыру Қағидаларының 11 тармағына сәйкес жүзеге асырады. 

5.6. Жеткізуші электрондық шот-фактураны және көрсетілген қызмет актісін шығарғаннан кейін қызметтер көрсетілген болып есептеледі. 

 

  1. ЖАРИЯ ОФЕРТАНЫҢ ҚОЛДАНУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫН ӨЗГЕРТУ

 

6.1. Жария офертаның осы редакциясы Интернет желісіндегі https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet сайтында жарияланған сәтінен бастап күшіне енеді және Жеткізуші кейін қайтарған сәтке дейін әрекет етеді. 

6.2 Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруға қатысатын жеткізушілер тізіміне енген Жеткізуші мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру Қағидаларының 2 қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішті Тапсырыс берушіге жолдау арқылы өз бастамасымен тізімнен шығарылады.

 

  1. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ШАРТТЫҢ ӨЗГЕРУІ

 

7.1. Жеткізуші (оферта акцепті) оның талаптарын қабылдаған сәтінен Шарт күшіне енеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де негіздермен бұзылған немесе тоқтатылған сәтке дейін әрекет етеді. 

 

  1. ШАРТТЫ БҰЗУ

 

8.1. осы Шарттың 3.1.7. және 3.1.8. тармақтары бұзылған жағдайда Тапсырыс беруші Жеткізушімен осы Шартты бұзады.

8.2. Тапсырыс беруші осы Шартты біржақты тәртіпте бұзуға құқылы:

8.2.1. Жеткізуші сабақ өткізуге арналған жайға қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда кез-келген уақытта;

8.2.2. Жеткізушіге тиісті хабарлама жолдап, сабақ өткізуге арналған жайға қойылатын талаптарды бұзуды қоспағанда, Жеткізуші осы Шарттың 2.1. және 3.1., сондай-ақ 3.1.7. және 3.1.8. тармақтарын бірнеше рет бұзған жағдайда. 

Бұл жағдайда Тапсырыс беруші Жеткізушіге мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша нақты көрсетілген қызмет ақысын төлейді.  

8.3. Жеткізуші Тапсырыс берушінің кінәсі бойынша болған жағдайлардан басқа, Шартты бұзу салдарынан Тапсырыс берушіге келтірілген шығындарды толық өтеген жағдайда ғана Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан бас тартуға құқылы. 

 

  1. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

 

9.1. Жеткізуші  https://damubala.kz сайтына Жеткізуші ретінде тіркелгенде онымен көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған барлық жауапкершілікті алады.

9.2. Жеткізуші осы Шарттың 3.1.7. және 3.1.8. тармақтарын қоспағанда, осы Шарттың 2.1. және 3.1. тармақтарын бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші Жеткізушіге тиісті хабарлама жолдап, біржақты тәртіпте Шартты бұзуға құқылы. Бұл жағдайда  Тапсырыс беруші Жеткізушіге мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша нақты көрсетілген қызмет ақысын төлейді. 

9.3. Жеткізушілердің мәжбүрлі тоқтап тұруына, соның ішінде нәтижесінде балалар шығармашылық секцияларға бармауына әкеліп соқтыратын карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша мемлекет тарапынан шектеу шаралары белгіленген жағдайда, Жеткізуші жауапкершіліктен босатылады.  

 

  1. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ

 

10.1. Тараптар осы Шартты орындау барысында алынған ақпараттың қатаң құпиялылығын сақтауға және алынған ақпаратты жариялаудан сақтаудың барлық мүмкін шараларын алуға міндеттенеді. 

10.2. Ақпаратты жариялауға қатысты шектеулер көпшілікқолды ақпаратқа немесе Тараптардың кінәсінен емес  осындай болған ақпаратқа қатысы жоқ.  

10.3. ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етуге құқылы субъектілерге берілген жағдайда, Тараптар жауапкершілік алмайды.  

 

  1. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

 

11.1. Осы Шартты орындауда туындауы мүмкін даулар мен қайшылықтар Тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі. 

11.2. Дауларды келіссөз жүргізу арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда Тараптар  заңнамамен қарастырылған қайшылықтарды сотқа дейінгі реттеу рәсімін жүзеге асырғаннан кейін оларды сот органдарының қарауына береді.

 

  1. ӨЗГЕ ЖАҒДАЙЛАР

 

12.1. Осы Шартпен реттелмеген мәселелер Қазақстан  Республикасының __________________ қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелуі тиіс.

 

Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші

Жеткізуші

 

«Атырау облысы Мәдениет және тілдерді

 дамыту басқармасы»  ММ

Атырау облысы, Атырау қ.,

Әйтеке би, 77

БСН 211 240 011 345

БСК ККМFKZ2A

ЖСК KZ63070102KSN1501000

«ҚР ҚМ Қазынашылық

Комитеті» РММ

Басқарма басшысы:

Жоламанов Әбіл Тауфихұлы

_____________

(қолы)

 

Дата публикации
29 января 2025