Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі №126 «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
14-тармақта:
1) 32) тармақша алынып тасталсын;
2) келесі мазмұнда 34-1), 34-2), 34-3), 34-5), 34-6), 34-7), 34-8), 34-9), 34-10), 34-11), 34-12), 34-13), 34-14), 34-15), 34-16) және 34-17) тармақшаларымен толықтырылсын:
«34-1) тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдаманың орындалу барысы туралы талдамалық жиынтық ақпаратты енгізу жұмысын қамтамасыз ету;
34-2) тілдік кемсітушіліктің алдын-алу шараларын ұйымдастыру;
34-3) Қазақстан Республикасы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеу жүргізуді ұйымдастыру;
34-4) қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
34-5) мемлекеттік мекемелерге, кәсіпкерлік субъектілеріне, квазимемлекеттік секторға олардың тіл заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмек көрсету;
34-6) Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары жөніндегі іс-шараларды өткізіп және оларды БАҚ-та насихаттау;
34-7) мемлекеттік тілдің беделін арттыруға, қолдану салаларын кеңейтуге (фестивальдер, кездесулер, акциялар және т.б), тіл мәдениетін жетілдіруге (тіл туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, аңыз адамдардың өсиеттері және т.б) қатысты іс-шараларды ұйымдастыру;
34-8) шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;
34-9) этностардың ана тілдерін оқытуға жағдай жасау мәселелері бойынша этно-мәдени бірлестіктер және қоғамдық ұйымдармен ықпалдастықты арттыру, тілдік ортаны қалыптастыру бойынша іс-шараларды іске асыру;
34-10) мемлекеттік органдардағы және ұлттық компаниялардағы жалпы құжатайналымында мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлеміне мониторинг жүргізу;
34-11) ресми интернет- ресурстарға мониторинг жүргізу;
34-12) мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ете отырып, бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу;
34-13) мемлекеттік дерекқор «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
34-14) республикалық «Тарихи тұлғалар» тізіміне ұсыныстар әзірлеу;
34-15) көше аншлагтарын жазу және орналастыру тәртібі бойынша ақпараттық түсінік жұмыстарын жүргізу;
34-16) қоғамда қарама-қайшы пікір тудырмайтын әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді-мекендер мен олардың құрамдас бөліктеріне, мемлекет меншігіндегі объектілерге атау беру, қайта атау, транскрипциясын нақтылау мен өзгертуді талап ететін 2024-2028 жылдарға арналған тиісті Жол картасын қалыптастыру;
34-17) ономастикалық атауларды ретке келтірудегі ашықтық қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;».
Облыс әкімі С. Шәпкенов